https://sputnik.kz/20240219/qazaqstan-shipazhayy-memleketke-qaytaryldy-42380551.html
"Қазақстан" шипажайы мемлекетке қайтарылды
"Қазақстан" шипажайы мемлекетке қайтарылды
Sputnik Қазақстан
2013 жылы шипажай директоры барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырған 19.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-19T14:29+0500
2024-02-19T14:29+0500
2024-02-19T14:29+0500
шипажай
прокуратура
https://sputnik.kz/img/old/388/51/3885167_0:36:450:289_1920x0_80_0_0_2e266836b427b3da9aa157c333fbcd7f.jpg
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Алматыдағы "Қазақстан" шипажайы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураға сілтеме жасап.2013 жылы шипажай директоры барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырған. Ал ғимараттарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге несие алды. 2021 жылы ол тағы бірнеше сыбайласымен бірге 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды.Ал Медеу ауданының прокуратурасы кепіл шартының заңсыз рәсімделгеніне байланысты оны жарамсыз деп тану туралы шағым түсірді. Өткен аптаның соңында Алматының соты прокурордың талабын қанағаттандырды."Осылайша, прокуратураның шараларымен құны 7 миллиард теңгеден асатын мемлекеттік санаторий заңсыз кепілден алынып, оның қарызы 1,2 миллиард теңгеге қысқартылды", - делінген ресми хабарламада.
https://sputnik.kz/20230528/elde-qansha-shipazhay-bar-35367728.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/388/51/3885167_9:0:441:324_1920x0_80_0_0_beab3b7e7623be979c3cac2a12b7c741.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шипажай, прокуратура
"Қазақстан" шипажайы мемлекетке қайтарылды
2013 жылы шипажай директоры барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырған
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Алматыдағы "Қазақстан" шипажайы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
2013 жылы шипажай директоры барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырған. Ал ғимараттарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге несие алды. 2021 жылы ол тағы бірнеше сыбайласымен бірге 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды.
"Несие беру кезінде банк шипажайдың төлем қабілеттілігіне талдау жүргізбегені анықталды. Соған қарамастан 2022 жылы сотпен жалпы 3 млрд теңге қарызды өндірді. Алматы қаласы прокуратурасының апелляциялық шағымы бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, бұл сома 1,8 млрд теңгеге дейін қысқартылды", - дейді прокурорлар.
Ал Медеу ауданының прокуратурасы кепіл шартының заңсыз рәсімделгеніне байланысты оны жарамсыз деп тану туралы шағым түсірді. Өткен аптаның соңында Алматының соты прокурордың талабын қанағаттандырды.
"Осылайша, прокуратураның шараларымен құны 7 миллиард теңгеден асатын мемлекеттік санаторий заңсыз кепілден алынып, оның қарызы 1,2 миллиард теңгеге қысқартылды", - делінген ресми хабарламада.