https://sputnik.kz/20240219/astanada-ozbek-khalqynyn-gulama-oyshylyna-eskertkish-ashylady-42379743.html
Астанада өзбек халқының ғұлама ойшылына ескерткіш ашылады
Астанада өзбек халқының ғұлама ойшылына ескерткіш ашылады
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ екі елде Қазақстан мен Өзбекстанның өзара Мәдениет күндері тұрақты өткізіліп тұрады 19.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-19T13:36+0500
2024-02-19T13:36+0500
2024-02-19T13:36+0500
ескерткіш
https://sputnik.kz/img/1019/20/10192047_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_9276c06a1cc80613935e7675304584d2.jpg
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстан астанасында өзбек халқының ғұлама ойшылы Әлішер Науаидың ескерткіші ашылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол бауырлас халықтардың етене жақын болуының мызғымас негізі – сан қырлы мәдени-гуманитарлық байланыс екенін атап өтті.Сондай-ақ, айтуынша, екі елде Қазақстан мен Өзбекстанның өзара Мәдениет күндері тұрақты өткізіліп тұрады. Жастар арасында белсенді диалог орнатылды, ақпарат саласындағы өзара іс-қимыл нығайып жатыр."Бүгінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында Өзбекстанның 6 мыңнан астам азаматы білім алады. Жоғарғы оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында филиалдар ашу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде", - деді министр.Мәселен, былтыр Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында "Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының" филиалы жұмыс істей бастады.Жақында Шыршық қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филиалы ашылмақ.Бұдан бөлек, KazAID агенттігі арқылы ұйымдастырылатын жас мемлекеттік қызметшілер, дипломаттар және медицина қызметкерлері үшін білім беру курстарына өзбек мамандары шақырылмақ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1019/20/10192047_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_4ea3909447fc4a70bab33bac7737ed11.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ескерткіш
Астанада өзбек халқының ғұлама ойшылына ескерткіш ашылады
Сондай-ақ екі елде Қазақстан мен Өзбекстанның өзара Мәдениет күндері тұрақты өткізіліп тұрады
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстан астанасында өзбек халқының ғұлама ойшылы Әлішер Науаидың ескерткіші ашылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол бауырлас халықтардың етене жақын болуының мызғымас негізі – сан қырлы мәдени-гуманитарлық байланыс екенін атап өтті.
"Астана төрінде әйгілі Шығыс шайыры, өзбек халқының ғұлама ойшылы Әлішер Науаидың ескерткішін салтанатты түрде ашу жоспарланып отыр", - деді Нұртілеу БАҚ-қа арналған мәлімдемеде.
Сондай-ақ, айтуынша, екі елде Қазақстан мен Өзбекстанның өзара Мәдениет күндері тұрақты өткізіліп тұрады. Жастар арасында белсенді диалог орнатылды, ақпарат саласындағы өзара іс-қимыл нығайып жатыр.
"Бүгінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында Өзбекстанның 6 мыңнан астам азаматы білім алады. Жоғарғы оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында филиалдар ашу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде", - деді министр.
Мәселен, былтыр Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында "Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының" филиалы жұмыс істей бастады.
Жақында Шыршық қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филиалы ашылмақ.
Бұдан бөлек, KazAID агенттігі арқылы ұйымдастырылатын жас мемлекеттік қызметшілер, дипломаттар және медицина қызметкерлері үшін білім беру курстарына өзбек мамандары шақырылмақ.