https://sputnik.kz/20240218/rossiya-segodnya-basshysy-baydennen-sukhbat-alu-turaly-otinish-zholdady-42361453.html
"Россия сегодня" басшысы Байденнен сұхбат алу туралы өтініш жолдады
"Россия сегодня" басшысы Байденнен сұхбат алу туралы өтініш жолдады
Sputnik Қазақстан
Сәйкес сұраныс Вашингтондағы Ақ үйге жіберілді 18.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-18T15:12+0500
2024-02-18T15:12+0500
2024-02-18T15:12+0500
ресей
ақш
https://sputnik.kz/img/07e8/02/09/42171366_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_7b8e65241721bc0a89cf0a19b8c41553.jpg
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев "Россия 1" телеарнасындағы "Вести недели" бағдарламасында Ресей президенті Владимир Путиннің америкалық журналист Такер Карлсонмен сұхбатынан кейін екі ел арасындағы диалогты жалғастыру үшін АҚШ президенті Джо Байденге сұхбат туралы өтініш жолдағанын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.Киселев өтініш Вашингтондағы Ақ үйге жолданғанын айтты.Сұхбатты шет тілдеріне аудару және РИА Новости Telegram арнасында, ria.ru сайтында және медиа-топтың Ресей мен бүкіл әлемдегі көптеген медиа платформалары мен әлеуметтік желілерінде тарату жоспарлануда.Карлсон Мәскеуге ақпан айында Ресей басшысынан сұхбат алу үшін келген. Сұхбат 9 ақпанға қараған түні жарияланды. Екі сағатқа созылған сұхбаттың айтарлықтай бөлігі Украинадағы қақтығыс пен Ресейдің АҚШ, НАТО және Батыс елдерімен қарым-қатынасына арналады. Сұхбат "X" әлеуметтік желісінде 200 миллионнан астам қаралған."Жалпы, АҚШ президенті Байден осының бәріне жауап беруі керек деп ойлаймын", - деді Киселев.Оның пікірінше, "ресейлік журналистпен жүргізілген сұхбат Ақ үй үшін ең жақсы және тиімді әдіс болар еді".
ресей
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/09/42171366_111:0:2842:2048_1920x0_80_0_0_0d933f0f20eb5f73f017d792e30bf759.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, ақш
"Россия сегодня" басшысы Байденнен сұхбат алу туралы өтініш жолдады
Сәйкес сұраныс Вашингтондағы Ақ үйге жіберілді
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев "Россия 1" телеарнасындағы "Вести недели" бағдарламасында Ресей президенті Владимир Путиннің америкалық журналист Такер Карлсонмен сұхбатынан кейін екі ел арасындағы диалогты жалғастыру үшін АҚШ президенті Джо Байденге сұхбат туралы өтініш жолдағанын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Киселев өтініш Вашингтондағы Ақ үйге жолданғанын айтты.
"Біздің елдерімізге бір-бірін тыңдау және есту мүмкіндігі жетіспей тұр деп санаймыз және Ресей президенті Владимир Путин америкалық аудиторияға бағытталған сұхбатқа келісіп, лайықты үлгі көрсетті деп ойлаймыз. Сұхбатты мен Дмитрий Киселев, "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры және елдегі ең танымал "Россия 1" телеарнасындағы рейтингі жоғары "Вести недели" ақпараттық-сараптамалық жексенбілік бағдарламасының жүргізушісі жүргізуді жоспарлап отырмын", - деп жазылған хатта.
Сұхбатты шет тілдеріне аудару және РИА Новости Telegram арнасында, ria.ru сайтында және медиа-топтың Ресей мен бүкіл әлемдегі көптеген медиа платформалары мен әлеуметтік желілерінде тарату жоспарлануда.
Карлсон Мәскеуге ақпан айында Ресей басшысынан сұхбат алу үшін келген. Сұхбат 9 ақпанға қараған түні жарияланды. Екі сағатқа созылған сұхбаттың айтарлықтай бөлігі Украинадағы қақтығыс пен Ресейдің АҚШ, НАТО және Батыс елдерімен қарым-қатынасына арналады. Сұхбат "X" әлеуметтік желісінде 200 миллионнан астам қаралған.
"Жалпы, АҚШ президенті Байден осының бәріне жауап беруі керек деп ойлаймын", - деді Киселев.
Оның пікірінше, "ресейлік журналистпен жүргізілген сұхбат Ақ үй үшін ең жақсы және тиімді әдіс болар еді".