https://sputnik.kz/20240218/denesi-kogergen-tyrtyq-bar-ulytaudagy-fermada-3-bala-quldyqta-bolgan-42357353.html
"Денесі көгерген, тыртық бар": Ұлытаудағы фермада 3 бала құлдықта болған
"Денесі көгерген, тыртық бар": Ұлытаудағы фермада 3 бала құлдықта болған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Ұлытау облысында патронаттық отбасы балалар үйінің үш тәрбиеленушісін бес жыл бойы құлдықта ұстаған, деп хабарлады балалар... 18.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-18T08:10+0500
2024-02-18T08:10+0500
2024-02-18T11:14+0500
омбудсмен
құлдық
https://sputnik.kz/img/496/71/4967112_19:0:4095:2293_1920x0_80_0_0_3233ab5c9f8669dbcd06d86945bc5c29.jpg
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Ұлытау облысында патронаттық отбасы балалар үйінің үш тәрбиеленушісін бес жыл бойы құлдықта ұстаған, деп хабарлады балалар омбудсмені Динара Зәкиева."5 жыл бойы фермада еңбек етіп, "құлдықта" болған балаларға, Ұлытауға барып келдім. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, прокуратура, ІІМ-мен аталмыш істің мән-жайы мен қажетті шараларды зерделедік", - деп жазды Зәкиева әлеуметтік желіде.Бұл факт ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде анықталған.Патронаттық отбасы бір отбасынан шыққан үш бала - 1 қыз және 2 ұлды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі үйір жылқы және 18 сиыр бар.Фермаға барып, комиссия мүшелері балалардың өмір сүру жағдайларын көріп, шошиды.Балалардың үлкені – қыз, колледжді бітірген, алайда іс жүзінде сабаққа бармаған. Ортаншы ұл бала колледжде "оқиды". Органдар оқу орындарын тексерсе, оларға үнемі балалардың ауырғаны туралы анықтамалар ұсынылып отырған екен.Қамқоршы қыз баланы жұмыс істемесең, не шағымдансаң, бауырларыңды көрмейсің деп қорқытқан.Белгілі болғандай, бұл қамқоршы жақында патронатқа алуға болатын басқа да балалар бар ма деп сұрастырған екен.Қылмыстық іс тіркелді, сараптамалар жүргізілуде. Қазір балалар бірге қауіпсіз жерде. Оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімі балаларға қолайлы жағдай жасау, көмек көрсетуді, балардың қайда тұратынын, қайда оқитынын жеке бақылауға алды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/71/4967112_528:0:3585:2293_1920x0_80_0_0_691c7d0f85e5625d792fda1db999c045.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
омбудсмен, құлдық
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Ұлытау облысында патронаттық отбасы балалар үйінің үш тәрбиеленушісін бес жыл бойы құлдықта ұстаған, деп хабарлады балалар омбудсмені Динара Зәкиева.
"5 жыл бойы фермада еңбек етіп, "құлдықта" болған балаларға, Ұлытауға барып келдім. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, прокуратура, ІІМ-мен аталмыш істің мән-жайы мен қажетті шараларды зерделедік", - деп жазды Зәкиева әлеуметтік желіде.
Бұл факт ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде анықталған.
Патронаттық отбасы бір отбасынан шыққан үш бала - 1 қыз және 2 ұлды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі үйір жылқы және 18 сиыр бар.
Фермаға барып, комиссия мүшелері балалардың өмір сүру жағдайларын көріп, шошиды.
"Денелері көгерген, әрі тыртыққа толы, жүп-жүдеу, шаршаған, аш, көздерінде жалын жоқ, кір-қожалақ, киімдері жыртық. Қамқоршы балаларды қорлап, ұрып, азаптап, құлдай жұмсап, 5 жыл бойы балаларға жәрдемақы алып келген", - дейді балаларомбудсмені.
Балалардың үлкені – қыз, колледжді бітірген, алайда іс жүзінде сабаққа бармаған. Ортаншы ұл бала колледжде "оқиды". Органдар оқу орындарын тексерсе, оларға үнемі балалардың ауырғаны туралы анықтамалар ұсынылып отырған екен.
Қамқоршы қыз баланы жұмыс істемесең, не шағымдансаң, бауырларыңды көрмейсің деп қорқытқан.
Белгілі болғандай, бұл қамқоршы жақында патронатқа алуға болатын басқа да балалар бар ма деп сұрастырған екен.
Қылмыстық іс тіркелді, сараптамалар жүргізілуде. Қазір балалар бірге қауіпсіз жерде. Оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімі балаларға қолайлы жағдай жасау, көмек көрсетуді, балардың қайда тұратынын, қайда оқитынын жеке бақылауға алды.