Өңірлер

Жетісу облысында мемлекетке қайтарылған жер кезекте тұрғандарға беріледі

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2024
Жазылу
Бұл жерлер игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмаған
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Жетісу облысының прокурорлары құны 170 млн теңгеден асатын 58 мың гектардан астам жерді мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Мәселен, Алакөл ауданында құны 90 млн теңге болатын 43 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылған. Қаратал ауданында құны 84 млн теңгеден асатын тағы 15 мың гектар жайылым жерлері бар.
"Бұл жерлер игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмаған. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жер мемлекетке қайтарылды", - делінген хабарламада.
Алдағы уақытта жер учаскелері тиімді пайдалану үшін кезекте тұрған тұлғаларға беріледі, деп атап өтті ведомство.
жер телімі - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Алматыда құны 700 млн теңге болатын жер телімі мемлекетке қайтарылды
Жаңалықтар
0