Өңірлер

Синоптиктер 18 ақпан күні ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Александр КряжевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. "Қазгидромет" РМК мамандары ертең, 18 ақпандағы ауа райы болжамын бөлісті.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасын болады.
Күндіз Түркістан облысының тауларында қалың қар жауады деп күтілуде. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста тұман түсіп, жел күшейеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Астана
Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 35-37, күндіз 22-24 градус аяз.
Алматы
Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 23-25 градус, күндіз 12-14 градус аяз.
Шымкент
Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 8-13, жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін, кей уақытта 25 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 0-2 градус суық.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2024
Өңірлер
Қазақстанның сегіз облысында жолдар жабық
Жаңалықтар
0