Қоғам

Қызметкер тырнағын сындырып алған: жұмыс берушіге айыппұл салынды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2024
Жазылу
Бұл ретте жәбірленушінің жұмыс берушіге қандай да бір талабы болмаған
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Қостанайлық кәсіпкерге жұмысшысының тырнағын жарақаттап алғаны үшін 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.
Жарақат алған кезде шақырылған жедел жәрдем кейін жазатайым оқиға туралы еңбек инспекциясына хабарлауына байланысты сот ісі туындаған, деп жазады tobolinfo.kz.
Жәбірленуші супервайзер болып жұмыс істеген және қораптағы тауарларды шығарып, оларды сөрелерге қою оның міндетіне кіреді.
Тауарларды реттеп жатқан кезде оның қолына қораптар құлап, соның салдарынан саусағын жарақаттап, тырнақ пластинасы қабығынан ажырап кеткен. Қызметкер дереу әкімшіге қоңырау шалып, ол жедел жәрдем шақыруға кеңес берген.
Осымен мәселе жабылған, кәсіпкердің де, жәбірленушінің де бір-біріне талап-арызы болмаған. Бірақ еңбек инспекциясы бұл істі қараусыз қалдыруға болмайды деп есептеп, сотқа жүгінген.
Сот ақыры компанияға 338 100 теңге айыппұл салды.
Кәсіпкер Еңбек кодексінің "Жұмыс берушінің өндіріске байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі жауапкершілігі" деген 187-бабын бұзған.
Жарақаттың жеңіл болғанына қарамастан, заң бойынша кәсіпорын 24 сағат ішінде еңбек инспекциясына хабарласуы керек еді, бірақ ол хабарламаған.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2024
Енді кез келген жұмыс беруші дипломның түпнұсқа не жалған екенін тексере алады
Жаңалықтар
0