https://sputnik.kz/20240217/progress-ms-26-kemesinin-garysh-stantsiyasymen-tuyisu-sati--video-42353042.html
"Прогресс МС-26" кемесінің ғарыш станциясымен түйісу сәті – видео
"Прогресс МС-26" кемесінің ғарыш станциясымен түйісу сәті – видео
Sputnik Қазақстан
Ғарыш кемесі "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-2.1а" зымыран тасымалдағышымен ұшырылды 17.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-17T16:31+0500
2024-02-17T16:31+0500
2024-02-17T16:31+0500
әлем
ғарыш
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0b/42220811_0:64:1280:784_1920x0_80_0_0_b0e503acacb66e8e5bf4822970139db1.jpg
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. "Прогресс МС-26" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік "Жұлдыз" модулімен түйісті."Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы түйісу қалай өткені туралы видео жариялады.Ғарыш кемесі 15 ақпанда "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-2.1а" зымыран тасымалдағышымен ұшырылды."Прогресс МС-26" кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 2 518 кг жүк, оның ішінде станция жүйелеріне арналған 1 478 кг аппарат пен жабдық, ғылыми тәжірибелерге арналған төсемелер, 70 және 71-ші ұзақ мерзімді экспедицияларының экипажы үшін киім-кешек, азық-түлік, медициналық және санитарлық өнімдерді, станцияға жанармай құюға 580 кг отын, 420 кг ауыз су және 40 кг азот жеткізді.Сондай-ақ Халықаралық ғарыш станциясына жеткізілетін жүктер арасында жартылай өткізгіштердің жаңа класын таныстыратын көміртектің үшінші кристалдық түрі – фуллерит кристалдарын "Ғылым" зертханалық модулінде өсіру бойынша "Фуллерен" жаңа ғылыми тәжірибесіне арналған материалдар бар.Сонымен қатар, "Прогресс МС-26" станция корпусындағы жарықтар мен басқа саңылауларды анықтайтын бақылау жүйесін құру бойынша "Орбита-МГ" жаңа ғылыми экспериментіне арналған жабдықты жеткізеді.
https://sputnik.kz/20231227/qazaqstan-2024-zhyly-bayqonyrdan-garysh-apparattaryn-ushyru-zhosparyn-bekitti-41249360.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0b/42220811_75:0:1206:848_1920x0_80_0_0_cdd1209a6ba497512f66450a19a02c51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ғарыш
"Прогресс МС-26" кемесінің ғарыш станциясымен түйісу сәті – видео
Ғарыш кемесі "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-2.1а" зымыран тасымалдағышымен ұшырылды
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. "Прогресс МС-26" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік "Жұлдыз" модулімен түйісті.
"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы түйісу қалай өткені туралы видео жариялады.
Ғарыш кемесі 15 ақпанда "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-2.1а" зымыран тасымалдағышымен ұшырылды.
"Прогресс МС-26" кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 2 518 кг жүк, оның ішінде станция жүйелеріне арналған 1 478 кг аппарат пен жабдық, ғылыми тәжірибелерге арналған төсемелер, 70 және 71-ші ұзақ мерзімді экспедицияларының экипажы үшін киім-кешек, азық-түлік, медициналық және санитарлық өнімдерді, станцияға жанармай құюға 580 кг отын, 420 кг ауыз су және 40 кг азот жеткізді.
Сондай-ақ Халықаралық ғарыш станциясына жеткізілетін жүктер арасында жартылай өткізгіштердің жаңа класын таныстыратын көміртектің үшінші кристалдық түрі – фуллерит кристалдарын "Ғылым" зертханалық модулінде өсіру бойынша "Фуллерен" жаңа ғылыми тәжірибесіне арналған материалдар бар.
Сонымен қатар, "Прогресс МС-26" станция корпусындағы жарықтар мен басқа саңылауларды анықтайтын бақылау жүйесін құру бойынша "Орбита-МГ" жаңа ғылыми экспериментіне арналған жабдықты жеткізеді.