Өңірлер

Көкшетауда пеш қазандығы жарылып, бір бала зардап шекті

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2024
Жазылу
Қазандықтың жарылуы салдарынан өрт шыққан жоқ
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Көкшетау қаласында жер үйде пеш қазандығы жарылып, бір бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ТЖ министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиға 16 ақпан сағат 23.20-да болды.
"Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйде айналым сорғысының ақауы салдарынан қатты отынмен жанатын пештің қазандығы жарылды. Әрі қарай өртке ұласқан жоқ, конструкциясы бұзылған жоқ", - делінген хабарламада.
Ведомство төтенше жағдайға өрт сөндіру қызметі шақырылмағанын атап өтті.
Қазандықтың жарылуы салдарынан бір бала ауруханаға жеткізілген.
Жарылыс себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0