https://sputnik.kz/20240217/air-astana-reysterdin-keshigu-sebebin-tusindirdi---42354466.html
Air Astana рейстердің кешігу себебін түсіндірді
Air Astana рейстердің кешігу себебін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Кешіккен рейстердің жолаушыларына тамақ пен сусын берілді 17.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-17T15:00+0500
2024-02-17T15:00+0500
2024-02-17T15:00+0500
қоғам
рейстер
жолаушылар
https://sputnik.kz/img/810/46/8104626_0:58:1498:901_1920x0_80_0_0_93e9062b01cceff2fe02f76d0a6cc14f.jpg
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Алматы әуежайында әуе кемелерінің тәуліктік ұшу және ұшу жоспарының едәуір ұлғаюына байланысты рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.Компанияның ақпаратынша, 16 ақпан күні Алматы әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар рейс кешіккен."Бұл күні нөсер қардың салдарынан ұшу-қону жолағын үздіксіз тазарту және ұшақтарды мұздан тазарту үшін қосымша уақыт қажет болды. Бұл ұшақтардың келуіне де әсер етті. Қонғаннан кейін кейбір ұшақтар жермен жүру жолында қалды, өйткені тұрақтардың барлығы халықаралық және отандық әуекомпаниялардың таңертеңгі және күндізгі рейстерін орындаған ұшақтарға толы болды", - деп түсіндірді Air Astana.Әуе компаниясындағылардың айтуынша, бұл жағдай бүгін де рейстердің кешігуіне әкеп соққан.Air Astana компаниясының жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога жағдайға түсініктеме береді."Қазір Air Astana, FlyArystan және әуежай қызметтері жақын арада кестені қалпына келтіру үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Кешіккен рейстердің жолаушыларына тамақ пен сусын берілді. Алматыда 70-тен астам жолаушы және Астанада 90 жолаушы қонақ үйлерге орналастырылды. Call Centre-ге қоңырау шалу үшін қосымша қызметкерлер тартылды. Біз рейстердің кешігуі жолаушыларға қолайсыздық әкелетінін түсінеміз, бірақ ауа райы әуекомпанияларының кестесіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Өйткені біз қауіпсіздікке басымдық береміз", - дейді ол.Air Astana тәулік бойы көмек көрсету үшін байланыс нөмірлері: +7 727 244 4477, +7 7172 584477, +7 702 702 4477. Рейстердің кешігу мәселелері бойынша қауырт желі: +7 7272 44 44 78. WhatsApp: +7 702 702 00 74.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/810/46/8104626_165:0:1498:1000_1920x0_80_0_0_9ead5543418e80cdfdcb1c800db14090.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рейстер, жолаушылар
Air Astana рейстердің кешігу себебін түсіндірді
Кешіккен рейстердің жолаушыларына тамақ пен сусын берілді
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Алматы әуежайында әуе кемелерінің тәуліктік ұшу және ұшу жоспарының едәуір ұлғаюына байланысты рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.
Компанияның ақпаратынша, 16 ақпан күні Алматы әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар рейс кешіккен.
"Бұл күні нөсер қардың салдарынан ұшу-қону жолағын үздіксіз тазарту және ұшақтарды мұздан тазарту үшін қосымша уақыт қажет болды. Бұл ұшақтардың келуіне де әсер етті. Қонғаннан кейін кейбір ұшақтар жермен жүру жолында қалды, өйткені тұрақтардың барлығы халықаралық және отандық әуекомпаниялардың таңертеңгі және күндізгі рейстерін орындаған ұшақтарға толы болды", - деп түсіндірді Air Astana.
Әуе компаниясындағылардың айтуынша, бұл жағдай бүгін де рейстердің кешігуіне әкеп соққан.
"17 ақпанда Алматы әуежайында әуе кемелерінің тәуліктік ұшу және ұшу жоспарының едәуір ұлғаюына байланысты рейстердің кешігуі жалғасты. Форс-мажорлық жағдайларға байланысты техникаға, баспалдақтарға, автобустарға, жолжүк транспортирлеріне қосымша жүктеме пайда болды. Салдарынан жол жүктерін түсіру жұмысы баяулады", - делінген хабарламада.
Air Astana компаниясының жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога жағдайға түсініктеме береді.
"Қазір Air Astana, FlyArystan және әуежай қызметтері жақын арада кестені қалпына келтіру үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Кешіккен рейстердің жолаушыларына тамақ пен сусын берілді. Алматыда 70-тен астам жолаушы және Астанада 90 жолаушы қонақ үйлерге орналастырылды. Call Centre-ге қоңырау шалу үшін қосымша қызметкерлер тартылды. Біз рейстердің кешігуі жолаушыларға қолайсыздық әкелетінін түсінеміз, бірақ ауа райы әуекомпанияларының кестесіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Өйткені біз қауіпсіздікке басымдық береміз", - дейді ол.
Air Astana тәулік бойы көмек көрсету үшін байланыс нөмірлері: +7 727 244 4477, +7 7172 584477, +7 702 702 4477.
Рейстердің кешігу мәселелері бойынша қауырт желі: +7 7272 44 44 78. WhatsApp: +7 702 702 00 74.