Ұлттық банк Берлиндегі көрмеде KÓKBÓRI монеталарын таныстырды
15:08 16.02.2024 (жаңартылды: 15:38 16.02.2024)
© Sputnik/Ертай СарбасовМонеты
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
Номиналы 1, 2, 5, және 10 теңгелік монеталар
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі Берлинде өткен World Money Fair дүниежүзілік ақша конференциясында KÓKBÓRI инвестициялық монеталарын таныстырды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Көрмеге қатысудағы негізгі мақсат – Қазақстанның KOKBÓRI инвестициялық монеталарын әлемге таныстыру. Жаңа KÓKBÓRI инвестициялық монеталары – ALTYN BARYS және KÚMIS BARYS инвестициялық монеталарына жасалған ребрендинг нәтижесі.
Номиналы 10, 20, 50, 100, 200 және 500 теңгелік, proof сапалы алтыннан соғылған KÓKBÓRI инвестициялық монеталары.
KÓKBÓRI дизайнында "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясындағы монеталардың стилистикасы қолданылған.
© PhotoНацбанк презентовал инвестиционные монеты KÓKBÓRI на выставке World Money Fair
Нацбанк презентовал инвестиционные монеты KÓKBÓRI на выставке World Money Fair
© Photo
Ұлттық банктің хабарлауынша, монета өнімдерін әзірлеуге деген кәсіби көзқарас Қазақстанға үздік монета өндірушілердің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Өндіріс сапасы, дизайны, технологиядағы жаңашылдығы сияқты әртүрлі номинация бойынша иеленген көптеген марапат осыны айғақтайды.
© PhotoНацбанк презентовал инвестиционные монеты KÓKBÓRI на выставке World Money Fair
Нацбанк презентовал инвестиционные монеты KÓKBÓRI на выставке World Money Fair
© Photo
World Money Fair – жыл сайын халықаралық монеталар қауымдастығының басын қосатын әлемдегі ең ірі нумизматикалық алаң. Оған орталық банктердің, монета сарайларының, монета шығаруға арналған жабдықтарды өндіруші компаниялардың өкілдері, дизайнерлер, ірі нумизматикалық басылымдардың өкілдері қатысады. Ұлттық Банк WMF-ке 2000 жылдан бері жыл сайын қатысып келеді.
"Жібек жолы" атты Қазақстанның алғашқы инвестициялық монеталары 1996 жылы айналымға шықты. 2009 жылғы қараша айынан бастап әртүрлі салмақта "АЛТЫН БАРЫС" және "КҮМІС БАРЫС" инвестициялық монеталары шығарыла бастады. 2020 жылы инвестициялық монеталардың атауы латын графикасында ALTYN BARYS және KÚMIS BARYS болып жазылып, айналымға шығарылды.