Тұман түсіп, жел күшейеді: 17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстана. Виды зимой
Астана. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2024
Жазылу
Қазгидромет 17 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында боран соғып, қар түседі, түнде Алматы, Маңғыстау облыстарында – қалың қар жауады. Қазақстанда жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста тұман түседі, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

Мегаполистердегі ауа райы

Астана: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 31-33, күндіз 20-22 градус аяз.
Алматы: көшпелі бұлтты, түнде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23 градус, күндіз 13-15 градус аяз.
Шымкент: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 8-13 және 15-20, кей уақытта 25 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 1-3 градус аяз.
Жаңалықтар
0