Семей уақытша жарықсыз қалды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Семейде жаппай апат болып, қаланың барлық ауданында жарық өшіп қалды.
"Сағат 13:30-да "KEGOC" АҚ желілерінде электр қуатының үзілуі салдарынан Семей қаласында да жарық өшті. Сағат 13:45-те электр қуаты қайта берілді", - деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Сондай-ақ жергілікті БАҚ электр жарығы сөнгеннен кейін қаланың барлық дерлік ауданында суық су тоқтап қалғанын хабарлады.
Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы да Семейде электр жарығы қалпына келтірілгенін хабарлады.
"Бәрі жақсы, жарық берілді. Ол жақта неліктен дүрбелең болғанын білмеймін. Әкімдік ақпарат дайындап жатыр", - деді Берік Хасенов.
Жаңалықтар
0