https://sputnik.kz/20240216/qosshy-akiminin-orynbasaryna-ayyppul-salyndy-42334880.html
Қосшы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды
Қосшы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар прокурорлық қадағалау актілерін қарауға және орындауға міндетті 16.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-16T14:49+0500
2024-02-16T14:49+0500
2024-02-16T14:49+0500
әкімшілік айыппұл
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_345101924c9537d3d7d8ff210f5c33ae.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қосшы қаласы әкімінің орынбасары прокурордың ескертуін орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.Бұған дейін қалалық прокуратура бюджеттік заңнаманың бұзылғаны туралы ескерту жасап, барлық кемшілікті жоюды талап еткен. Алайда әкімдік ресми хатқа жауап бермеген. Прокурорлар айтқан мәселе қай жерде және қашан қаралатынын да хабарламаған. Осыдан кейін Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды. Ал бюджетке жауапты қала әкімінің орынбасарына 370 000 теңгеден астам сомаға айыппұл салынды."Прокуратура туралы" конституциялық заңның талаптарына сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар прокурорлық қадағалау актілерін қарауға және орындауға міндетті.Әкімшілік кодексте осы заң бұзушылыққа қатысты екі бап бар. Олар:Облыста осыған ұқсас бұзушылық бойынша жергілікті атқарушы органдардың тағы 2 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_3a3a7741c08657a43ca67156af6803c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкімшілік айыппұл, айыппұл
әкімшілік айыппұл, айыппұл
Қосшы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды
Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар прокурорлық қадағалау актілерін қарауға және орындауға міндетті
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қосшы қаласы әкімінің орынбасары прокурордың ескертуін орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.
Бұған дейін қалалық прокуратура бюджеттік заңнаманың бұзылғаны туралы ескерту жасап, барлық кемшілікті жоюды талап еткен. Алайда әкімдік ресми хатқа жауап бермеген. Прокурорлар айтқан мәселе қай жерде және қашан қаралатынын да хабарламаған. Осыдан кейін Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды. Ал бюджетке жауапты қала әкімінің орынбасарына 370 000 теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
"Прокуратура туралы" конституциялық заңның талаптарына сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар прокурорлық қадағалау актілерін қарауға және орындауға міндетті.
Әкімшілік кодексте осы заң бұзушылыққа қатысты екі бап бар. Олар:
лауазымды тұлғаның прокурордың ұсынуын қараусыз қалдыруы не онда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдамауы, сонымен қатар уақтылы жауап бермеуі - 8 АЕК (29 536 теңге) мөлшерінде айыппұл;
прокурордың қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы хабарламауы немесе уақтылы хабарламауы - 200 АЕК-ке (738 400 теңгеге) дейінгі айыппұл.
"Егер прокурорлық қадағалау актілерін орындамау азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеліп соқса, онда бұл Қылмыстық кодекстің 381-бабы бойынша қудаланады", - дейді прокурорлар.
Облыста осыған ұқсас бұзушылық бойынша жергілікті атқарушы органдардың тағы 2 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды.