https://sputnik.kz/20240216/qazaqstannan-altyn-alyp-shyqqan-turkiya-azamaty-azerbayzhannan-ekstraditsiyalandy-42329947.html
Қазақстаннан алтын алып шыққан Түркия азаматы Әзербайжаннан экстрадицияланды
Қазақстаннан алтын алып шыққан Түркия азаматы Әзербайжаннан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілген 16.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-16T13:57+0500
2024-02-16T13:57+0500
2024-02-16T13:57+0500
контрабанда
алтын құйма
https://sputnik.kz/img/103/64/1036415_0:0:2880:1620_1920x0_80_0_0_201305f3ff5b71ccb9c274c8ab7d2e52.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топтың әрекетіне қатысқан Түркия азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Әзербайжаннан экстрадициялады.Ол ұйымдасқан топ құрамында 2020 жылдың шілде-тамыз айлары аралығында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды контрабандалық жолмен алып шығуға қатысты деген күдікке ілінді.Соның салдарынан мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.Қылмыс жасағаннан кейін күдіктілер тергеуден қашып, оларға халықаралық іздеу жарияланған.2023 жылдың шілдесінде күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды.Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген."2022 жылдың маусым айында Астана қалалық сотының үкімімен осы трансұлттық ұйымдасқан топтың әрекетіне қатысы бар 14 тұлға түрлі жазаға кесіліп, мемлекет пайдасына 5 миллиард теңгеге жуық сома өндіріп алынды" - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/103/64/1036415_0:0:2880:2160_1920x0_80_0_0_c4ae3e2cdee4b4d85260984444426a1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
контрабанда, алтын құйма
Қазақстаннан алтын алып шыққан Түркия азаматы Әзербайжаннан экстрадицияланды
Мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілген
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топтың әрекетіне қатысқан Түркия азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Әзербайжаннан экстрадициялады.
Ол ұйымдасқан топ құрамында 2020 жылдың шілде-тамыз айлары аралығында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды контрабандалық жолмен алып шығуға қатысты деген күдікке ілінді.
Соның салдарынан мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдіктілер тергеуден қашып, оларға халықаралық іздеу жарияланған.
2023 жылдың шілдесінде күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды.
Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.
Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
"2022 жылдың маусым айында Астана қалалық сотының үкімімен осы трансұлттық ұйымдасқан топтың әрекетіне қатысы бар 14 тұлға түрлі жазаға кесіліп, мемлекет пайдасына 5 миллиард теңгеге жуық сома өндіріп алынды" - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.