https://sputnik.kz/20240216/qantarda-qazaqstanda-zhyldyq-inflyatsiya-95-dy-qurady-42340719.html
Қаңтарда Қазақстанда жылдық инфляция 9,5%-ды құрады
Қаңтарда Қазақстанда жылдық инфляция 9,5%-ды құрады
Sputnik Қазақстан
15 өңірде жылдық инфляция баяуласа, 3 аймақта қарқын алып, 2 өңірде өзгеріссіз қалды 16.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-16T20:00+0500
2024-02-16T20:00+0500
2024-02-16T20:00+0500
инфляция
https://sputnik.kz/img/899/80/8998042_96:0:2500:1352_1920x0_80_0_0_bbe8e33c53cf489ebedda8fb2cd681b3.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қаңтар айында елде жылдық инфляция 9,5%-ды құрап бәсеңдей түсті. 2023 жылғы желтоқсанда 9,8%-ды құраған болатын, деп хабарлайды ұлттық банктің баспасөз қызметі.Дегенмен, 15 өңірде жылдық инфляция баяуласа, 3 аймақта қарқын алып, 2 өңірде өзгеріссіз қалды.Жылдық инфляцияның айтарлықтай жоғары мәні Қарағанды, Маңғыстау, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.Қаңтарда азық-түлік бағасы жылдық мәнде 8,2%-ға дейін баяулады. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы желтоқсанда 8,5% болған еді. Осы топтағы тауарлар бағасының максималды өсімі Ұлытау облысында (11,3%), ал минималды өсім Шымкент қаласында (5,9%) тіркелді.Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 8,6%-ға дейін төмендеді. Ең жоғары мән Маңғыстау облысында (12,9%), ең төмен мән Ақтөбе облысында (7,1%) расталды.Қаңтарда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы жылдық мәнде 12,3%-ға дейін бәсеңдеді. Сонымен бірге, Түркістан облысында (17,3%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Қызылорда облысында (9,5%) айтарлықтай төмен өсті.Қаңтарда ел бойынша айлық инфляция 0,8%-ға өсті, бұл тарихи орташа мәннен жоғары. 2017-2021 жылдардағы қаңтарда 0,6% болған еді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/899/80/8998042_427:0:2230:1352_1920x0_80_0_0_70b0c1bd2fe8acc8cff0925a75079b8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция
Қаңтарда Қазақстанда жылдық инфляция 9,5%-ды құрады
15 өңірде жылдық инфляция баяуласа, 3 аймақта қарқын алып, 2 өңірде өзгеріссіз қалды
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қаңтар айында елде жылдық инфляция 9,5%-ды құрап бәсеңдей түсті. 2023 жылғы желтоқсанда 9,8%-ды құраған болатын, деп хабарлайды ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Дегенмен, 15 өңірде жылдық инфляция баяуласа, 3 аймақта қарқын алып, 2 өңірде өзгеріссіз қалды.
Жылдық инфляцияның айтарлықтай жоғары мәні Қарағанды, Маңғыстау, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.
Қаңтарда азық-түлік бағасы жылдық мәнде 8,2%-ға дейін баяулады. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы желтоқсанда 8,5% болған еді. Осы топтағы тауарлар бағасының максималды өсімі Ұлытау облысында (11,3%), ал минималды өсім Шымкент қаласында (5,9%) тіркелді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 8,6%-ға дейін төмендеді. Ең жоғары мән Маңғыстау облысында (12,9%), ең төмен мән Ақтөбе облысында (7,1%) расталды.
Қаңтарда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы жылдық мәнде 12,3%-ға дейін бәсеңдеді. Сонымен бірге, Түркістан облысында (17,3%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Қызылорда облысында (9,5%) айтарлықтай төмен өсті.
Қаңтарда ел бойынша айлық инфляция 0,8%-ға өсті, бұл тарихи орташа мәннен жоғары. 2017-2021 жылдардағы қаңтарда 0,6% болған еді.