Отбасы банк жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосады
© Sputnik / Нина Зотина
/ Жазылу
Жылдық мөлшерлемесі - 9 пайыз
АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. "Отау" бағдарламасы 2024 жылдың 1 наурызында іске қосылады. 1 наурызда 30 сәуірге дейін қазақстандықтар Баспана маркет порталында бағдарламаға қатысуға өтініш жолдай алады, деп хабарлайды ""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ баспасөз қызметі.
Өтініш беру уақыты маңызды емес.
"Отау" бағдарламасына кімдер қатыса алады?
"Отау" бағдарламасына Отбасы банк салымшылары, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады;
Үміткердің жинақ шотына ең кемі 18 ай толуы керек
Өтінім беру сәтінде депозиттегі жинақ сомасы 1 млн теңгеден кем болмауы тиіс.
Қатысушының жасы 18-ден 63 жас аралығында болуы қажет
Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік болмауы керек
Сондай-ақ Алматы және Астана қалаларынан тұрғын үй алатын жағдайда бұл қалаларда тұрақты тіркеу болуы қажет.
"Отау" бағдарламасы жұмыс істейтін жастарды, жас отбасыларды, Отбасы банкінің салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жыл сайын заемдардың жартысынан астамы 35 жасқа дейінгі қазақстандықтарға кредит беруге бөлінетінін білдіреді. Жыл сайын біз қаржыландыруға 150 млрд теңге бағыттаймыз. Бұл ақша Отбасы банктің өз қаражаты есебінен бөлінеді, сондай-ақ қазақстандық қаржы нарығынан да қарыз алып, қаражат тартуды жоспарлап отырмыз. "Отау" бағдарламасы 7 жылға есептелген. Осы кезеңде біз 50 мың азаматтың тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесеміз, - дейді банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Өтінім беру уақыты аяқталғаннан кейін, otbasybank.kz сайтында қатысушылар тізімі автоматты түрде жасақталады. Оған ең көп ұпай жинағандар кіреді.
Ұпайлар қалай есептеледі?
салым бойынша сыйақы мөлшері үшін әрбір 1 000 теңгеге –5 балл;
салым мерзімі бойынша салымның әрбір жылы үшін – 5 балл;
тіркелген неке үшін – 10 балл;
балалардың болуына байланысты – санына қарамастан – 50 балл.
Егер үміткерлердің ұпайларының саны бірдей болып қалса, онда басымдық салым сомасы көбірек және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамдарға беріледі.
Іріктеуден өткен қатысушылар 40 жұмыс күні ішінде несиелік өтінім бере алады. Банктен оң мақұлдау алған жағдайда несиелік өтінім 6 ай ішінде жарамды болады. Осы уақыт аралығында бағдарламаға қатысушы баспана тауып, несие алып, оны сатып алуы керек.
Бағдарлама бойынша қандай тұрғын үй сатып алуға болады
Алматы мен Астанадағы үйдің ең жоғары сомасы – 30 млн теңгеге дейін;
қалған өңірлерде - 18 млн теңгеге дейін.
тек алғашқы нарықтағы тұрғын үй - Алматы, Астана, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында
басқа елді мекендерде кез келген тұрғын үй.
"Бағдарламаға қатысушы жаңа тұрғын үйді Баспана маркет (otbasybank.kz) порталынан ғана сатып ала алады. Бұл қызмет жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған", - дейді ведомство.
"Отау" бағдарламасының шарттары:
1.
Алғашқы жарна - 20%-дан бастап;2.
Кредит бойынша мөлшерлеме - жылдық 9% (ЖТСМ 9,2% бастап).3.
Несие мерзімі – 19 жылға дейін.