https://sputnik.kz/20240216/balalar-zhep-zhurgen-qytaydyn-aschy-tayaqshalary-nesimen-qauipti-42328467.html
Балалар жеп жүрген Қытайдың ащы таяқшалары несімен қауіпті
Балалар жеп жүрген Қытайдың ащы таяқшалары несімен қауіпті
Sputnik Қазақстан
Бұл ащы таяқшаларды кез келген азық-түлік дүкендері мен интернет магазиндерден оңай сатып алуға болады 16.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-16T08:08+0500
2024-02-16T08:08+0500
2024-02-16T08:10+0500
қытай
зиянды тағамдар
https://sputnik.kz/img/old/1279/45/12794544_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_4178a37e2cc81fd1db1ff7d6b49d6ece.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Елімізде жарнамасы жер жаратын, бірақ шығу тегі белгісіз тағамдардың 72 проценті денсаулыққа зиян. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растап, тыйым салғанмен, ақшаға құныққандар алыс-жақын елдерден "қоқыс" тауарларды арбалап та, дорбалап та тасып жатыр, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.Дүкен сөрелерінде қытайдың түсініксіз тамақтары қаптап кеткен. Әсіресе жасөспірімдер "ла тиао" деп аталатын ащы таяқшаларды құмартып жейді. Иісі де, дәмі де бір түрлі. Қызық, бұл балаларды несімен ынтықтырды?"Басқалар алған соң, қызығып аламын. Жалпы алып тұрамын, өте дәмді", - дейді балалардың бірі."Жеп көрдім, иә. Ащы. Асқазанға жаман әсер етеді, бірақ күшті", - деп атап өтті тағы бір елорда тұрғыны.Бұл ащы таяқшаларды кез келген азық-түлік дүкендері мен интернет магазиндерден оңай сатып алуға болады. Жарнамасы "мен мұндалап" тұр. Бағасы да қымбат емес. Ал оны кім, қайдан әкеледі?Қауіпті өнімді тұтынғандардың арасында инфекциялық, аллергиялық аурулар туындайды. Денсаулығына шағымданған тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгінген. Қазір өнімнің құрамы зерттеліп жатыр."Астана қаласы бойынша осы Қытайдың ащы таяқшаларына 14 сынама алынды. Ол ұлттық сараптама орталығына зерттеуге жіберілді", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Әйгерім Жетілгенова.Мамандар тағамның сыртқы қаптамасында қазақ, не орыс тілінде ақпарат берілмесе, ол өнімді алуға асықпаңыз дейді. Өйткені ондай өнімдердің басым бөлігі елімізге заңсыз жолмен келеді.Өлімге алып келетін факторлардың жартысынан көбі сапасы нашар, қауіпті қоспалармен әзірленген тағамдар кесірінен болады. Әлемдік тәжірибеде Дания, АҚШ, Мексика сияқты мемлекеттер зиянды тағамдарға қосымша салықты міндеттеген. Нәтижесінде денсаулыққа қауіпті өнімдердің саудасы 70 процентке қысқарған. Ал Қазақстанда әзірге мұндай заң күшіне енбей отыр.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1279/45/12794544_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_b2f7a1f2180a41b257569318d066f025.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, зиянды тағамдар
Балалар жеп жүрген Қытайдың ащы таяқшалары несімен қауіпті
08:08 16.02.2024 (жаңартылды: 08:10 16.02.2024) Бұл ащы таяқшаларды кез келген азық-түлік дүкендері мен интернет магазиндерден оңай сатып алуға болады
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Елімізде жарнамасы жер жаратын, бірақ шығу тегі белгісіз тағамдардың 72 проценті денсаулыққа зиян. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растап, тыйым салғанмен, ақшаға құныққандар алыс-жақын елдерден "қоқыс" тауарларды арбалап та, дорбалап та тасып жатыр, деп хабарлады "
Астана" телеарнасы.
Дүкен сөрелерінде қытайдың түсініксіз тамақтары қаптап кеткен. Әсіресе жасөспірімдер "ла тиао" деп аталатын ащы таяқшаларды құмартып жейді. Иісі де, дәмі де бір түрлі. Қызық, бұл балаларды несімен ынтықтырды?
"Басқалар алған соң, қызығып аламын. Жалпы алып тұрамын, өте дәмді", - дейді балалардың бірі.
"Жеп көрдім, иә. Ащы. Асқазанға жаман әсер етеді, бірақ күшті", - деп атап өтті тағы бір елорда тұрғыны.
Бұл ащы таяқшаларды кез келген азық-түлік дүкендері мен интернет магазиндерден оңай сатып алуға болады. Жарнамасы "мен мұндалап" тұр. Бағасы да қымбат емес. Ал оны кім, қайдан әкеледі?
"Оригинал бәрі. Тікелей Қытайдан алып келеді. Көтерме бағамен бере аламыз. Өңірлерге 50 мыңнан жоғары, Алматы қаласында 30 мыңнан жоғары жүреді", - дейді сатушы.
Қауіпті өнімді тұтынғандардың арасында инфекциялық, аллергиялық аурулар туындайды. Денсаулығына шағымданған тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгінген. Қазір өнімнің құрамы зерттеліп жатыр.
"Астана қаласы бойынша осы Қытайдың ащы таяқшаларына 14 сынама алынды. Ол ұлттық сараптама орталығына зерттеуге жіберілді", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Әйгерім Жетілгенова.
Мамандар тағамның сыртқы қаптамасында қазақ, не орыс тілінде ақпарат берілмесе, ол өнімді алуға асықпаңыз дейді. Өйткені ондай өнімдердің басым бөлігі елімізге заңсыз жолмен келеді.
"Әр заттың құрамы көрсетілу керек, оның сақтау мерзімі болу керек. Ол елімізге заңды түрде келсе, кеденнен өткенде тексеріледі, оның салығын төлейді, оны сосын сараптамаға беру керек. Біздің Қазақстанның сертификатын алу керек. Сосын барып оны кіргізу керек", - дейді тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша бас сарапшы Тұрсын Жақпарова.
Өлімге алып келетін факторлардың жартысынан көбі сапасы нашар, қауіпті қоспалармен әзірленген тағамдар кесірінен болады. Әлемдік тәжірибеде Дания, АҚШ, Мексика сияқты мемлекеттер зиянды тағамдарға қосымша салықты міндеттеген. Нәтижесінде денсаулыққа қауіпті өнімдердің саудасы 70 процентке қысқарған. Ал Қазақстанда әзірге мұндай заң күшіне енбей отыр.