https://sputnik.kz/20240216/aleksey-navalnyy-qaytys-boldy-42337816.html
Алексей Навальный* қайтыс болды
Алексей Навальный* қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Ол серуендегеннен кейін бірден есінен танып, қайтыс болған 16.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-16T16:39+0500
2024-02-16T16:39+0500
2024-02-16T18:02+0500
ресей
колония
https://sputnik.kz/img/07e4/08/14/14749201_0:0:2281:1284_1920x0_80_0_0_dfc07ce13218f32306ab51f4cce53f55.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальный қайтыс болды. Бұл туралы ол жазасын өтеп жатқан Ресейдегі Ямало-Ненецк автономиялық округі бойынша №3 түзеу колониясы хабарлады.Басқа мән-жайлар анықталып жатыр."Барлық қажетті реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ оң нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын растады", - делінген хабарламада. Колонияға арнайы комиссия жіберілді.Бұған дейін сот экстремизм ісі бойынша ерекше режимдегі колонияда 19 жылға бас бостандығынан айырылған Алексей Навальныйдың үкіміне қатысты шағымды қанағаттандырмағаны хабарланған болатын.Сонымен бірге, сот үкімнің мәтініне жаза мерзімі мен мөлшеріне әсер етпейтін бірқатар техникалық өзгерістер енгізді.*Ресей Федерациясында терроризм мен экстремизмге қатысы барлар тізіліміне енгізілген.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/14/14749201_47:0:2122:1556_1920x0_80_0_0_a9c2b7fc948c13c8c6f5ccfc9f888323.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, колония
Алексей Навальный* қайтыс болды
16:39 16.02.2024 (жаңартылды: 18:02 16.02.2024) Ол серуендегеннен кейін бірден есінен танып, қайтыс болған
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальный қайтыс болды. Бұл туралы ол жазасын өтеп жатқан Ресейдегі Ямало-Ненецк автономиялық округі бойынша №3 түзеу колониясы хабарлады.
"16 ақпанда №3 түзеу колониясында сотталушы А. Навальный серуендеуден кейін өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалған. Дереу мекеменің медицина қызметкерлері келіп, жедел жәрдем бригадасы шақырылды", - делінген хабарламада.
Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.
"Барлық қажетті реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ оң нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын растады", - делінген хабарламада.
Колонияға арнайы комиссия жіберілді.
Бұған дейін сот экстремизм ісі бойынша ерекше режимдегі колонияда 19 жылға бас бостандығынан айырылған Алексей Навальныйдың үкіміне қатысты шағымды қанағаттандырмағаны хабарланған болатын.
Сонымен бірге, сот үкімнің мәтініне жаза мерзімі мен мөлшеріне әсер етпейтін бірқатар техникалық өзгерістер енгізді.
*Ресей Федерациясында терроризм мен экстремизмге қатысы барлар тізіліміне енгізілген.