https://sputnik.kz/20240216/abay-oblysynda-zhastar-alayaqtyqtyn-zhana-turin-oylap-tapty-42330428.html
Абай облысында жастар алаяқтықтың жаңа түрін ойлап тапты
Абай облысында жастар алаяқтықтың жаңа түрін ойлап тапты
Sputnik Қазақстан
Ер адам есепшотынан 925 мың теңгенің жоғалғанын көргеннен кейін жалған полицейлерге алданғанын түсінген 16.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-16T10:34+0500
2024-02-16T10:34+0500
2024-02-16T10:34+0500
жастар
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e8/02/10/42328301_0:113:1200:788_1920x0_80_0_0_e450bbf7a82af058e4cf149be22a59e1.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Абай облысында ауыл тұрғынын алдап кеткен алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Жарма ауданының тұрғынын полицей формасын киген үш жігіт тоқтатқан. Олар алдымен жеке куәлікті көрсетуді талап еткен. Ал құжаттары мен биометриялық деректерін суретке түсіріп алғаннан кейін жібере салыпты.Ер адам есепшотынан 925 мың теңгенің жоғалғанын көргеннен кейін ғана жалған полицейлерге алданғанын түсінді. Содан бірден полицияға арыз түсірген.Тәртіп сақшылары күдіктілерді бірден тапты. Олар Батыс Қазақстан облысының үш тұрғыны болып шықты. Үшеуі де жас жігіттер, барлығы қамауға алынды. Қазіргі кезде олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.Айта кетері, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған алаяқтық әрекет үшін 4 000 АЕК-ке (14 768 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1 000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/10/42328301_0:0:1200:900_1920x0_80_0_0_d55831906e007334596c28d3a8ae22c4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар, алаяқтық
Абай облысында жастар алаяқтықтың жаңа түрін ойлап тапты
Ер адам есепшотынан 925 мың теңгенің жоғалғанын көргеннен кейін жалған полицейлерге алданғанын түсінген
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Абай облысында ауыл тұрғынын алдап кеткен алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына
сілтеме жасап.
Жарма ауданының тұрғынын полицей формасын киген үш жігіт тоқтатқан. Олар алдымен жеке куәлікті көрсетуді талап еткен. Ал құжаттары мен биометриялық деректерін суретке түсіріп алғаннан кейін жібере салыпты.
Ер адам есепшотынан 925 мың теңгенің жоғалғанын көргеннен кейін ғана жалған полицейлерге алданғанын түсінді. Содан бірден полицияға арыз түсірген.
Тәртіп сақшылары күдіктілерді бірден тапты. Олар Батыс Қазақстан облысының үш тұрғыны болып шықты. Үшеуі де жас жігіттер, барлығы қамауға алынды. Қазіргі кезде олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Айта кетері, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған алаяқтық әрекет үшін 4 000 АЕК-ке (14 768 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1 000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.