https://sputnik.kz/20240216/2024-zhyl-qytayda-qazaqstan-turizmi-zhyly-bolyp-zhariyalandy-42341386.html
2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды
2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды
Sputnik Қазақстан
Іс-шараның ашылу рәсімі 28-29 наурыз күндері Бейжің қаласында өтеді 16.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-16T21:49+0500
2024-02-16T21:49+0500
2024-02-16T21:49+0500
туризм
қытай
қазақстан
https://sputnik.kz/img/246/73/2467326_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_edc9a4ae59e2946665c8559f67bb0e07.jpg
АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда туризмді дамыту саласындағы 2023 жылғы қызмет қорытындылары мен 2024 жылға арналған басым міндеттер туралы баяндалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев былтыр инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қатысты жалпы құны 31 млрд теңгеге 33 жоба іске асырылғанын жеткізді. Биыл 289 млрд теңгеге 70 жоба жүзеге асырылмақ.Алқа мәжілісінде Маржықпаев өткен жыл туристік сала үшін жемісті болғанын айта келіп, биыл бұдан да жоғары нәтижелі болатынына сенімді екенін жеткізді."2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. Іс-шараның ашылу рәсімі 28-29 наурыз күндері Бейжің қаласында өтеді жоспарланып отыр. Ал бір жыл бедерінде туризм түрлері бойынша тақырыптық апталар, Қытайдың 7 ірі қаласында (Бейжің, Сиань, Шанхай, Үрімші, Гонконг, Ханчжоу, Чэнду) ТОП-20 отандық дестинациялардың тұсаукесерін өткізу жоспарланған", - деді Маржықпаев.
қытай
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/246/73/2467326_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_1ffebad5eba6cf473df3b2e4fcb2be87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм, қытай, қазақстан
2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды
Іс-шараның ашылу рәсімі 28-29 наурыз күндері Бейжің қаласында өтеді
АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда туризмді дамыту саласындағы 2023 жылғы қызмет қорытындылары мен 2024 жылға арналған басым міндеттер туралы баяндалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев былтыр инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қатысты жалпы құны 31 млрд теңгеге 33 жоба іске асырылғанын жеткізді. Биыл 289 млрд теңгеге 70 жоба жүзеге асырылмақ.
"Маңызды жобалардың ішінде "Жылы жағажайдың" туристік объектілерін сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған "Каспий" тұщыландыру зауытының қуаттылығын арттыру жобасын атап өткім келеді. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындағы Хан Ордасы объектісіне, Атырау қаласындағы Сарайшық қалашығына және Ұлытау облысындағы Жошы хан кесенесіне дейінгі жолдарда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл – мәдени-туристік нысандардың қолжетімділігін айтарлықтай арттырады", - деді министр.
Алқа мәжілісінде Маржықпаев өткен жыл туристік сала үшін жемісті болғанын айта келіп, биыл бұдан да жоғары нәтижелі болатынына сенімді екенін жеткізді.
"2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. Іс-шараның ашылу рәсімі 28-29 наурыз күндері Бейжің қаласында өтеді жоспарланып отыр. Ал бір жыл бедерінде туризм түрлері бойынша тақырыптық апталар, Қытайдың 7 ірі қаласында (Бейжің, Сиань, Шанхай, Үрімші, Гонконг, Ханчжоу, Чэнду) ТОП-20 отандық дестинациялардың тұсаукесерін өткізу жоспарланған", - деді Маржықпаев.