Ұлттық банк Air Astana акцияларын зейнетақы жинақтары есебінен 25 млрд теңгеге сатып алды

© Photo : Пресс-служба Air Astana Самолет Air Astana
Самолет Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2024
Жазылу
Air Astana-ның сатып алынған жай акцияларының жалпы саны –23 168 975 дана
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстан Республикасының ұлттық банкі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарыесебінен Air Astana акцияларын бастапқы орналастыруға (IPO) қатысып жатыр.
"14 ақпанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне 1 акция үшін 1 073,83 теңге бағамен 24,9 млрд теңгеге Air Astana-ныңжай акциялары сатып алынды”, - делінген хабарламада.
Air Astana-ның сатып алынған жай акцияларының жалпы саны –23 168 975 дана, бұл шығарылған компания акцияларының жалпы санының 6,5%-ын құрады.
Қазақстанның жоғары сапалы эмитенттерінің жай акцияларын сатып алу БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін әртараптандыруға бағытталды және ұзақ мерзімді перспективада оның кірісін арттыруға ықпал етеді.
Жаңалықтар
0