Такер Карлсон америкалықтарға Мәскеу метросын көрсетті

© Виталий БелоусовСтанция метро "Киевская" в Москве
Станция метро Киевская в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Мәскеу қаласы америкалық журналист Такер Карлсонды таңғалдырған – ол әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей астанасынан тағы бір видео жариялады.
Онда ол "Киев" метросының стансасын көрсетіп, АҚШ билігіне қызықты сұрақ қояды.
"Ресейді ядролық қаруы бар "бензин колонкасына" теңейміз. Алайда қарапайым адамдар күн сайын жұмысқа және үйге бару үшін пайдаланатын станция біздің елдегі кез келген нәрседен әлдеқайда жақсы болуы қалай?", - деп сұрады Такер Карлсон.
Карлсон Мәскеу метросында граффити, жағымсыз иіс және нашақорлар жоқ екенін айтады.
Бұған дейін Карлсон Мәскеудің тазалығы мен ұқыптылығын ғана емес, оның сәулетін, тағамы мен қызмет көрсету сапасын да мақтаған еді.
Жаңалықтар
0