Қазақстанда арзан дизельді сатып алуға қойылатын қосымша талаптар алынып тасталуы мүмкін

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуЧеловек заправляет автомобиль бензином
Человек заправляет автомобиль бензином  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2024
Жазылу
Жоба бойынша дизель отыны қазақстандықтар үшін де, шетел азаматтары үшін де бір литрі 295 теңге болмақ
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі ішкі нарықта мұнай өнімдерінің айтарлықтай қоры бар екенін және жағдай тұрақты екенін хабарлады.
Ведомство бұған дейін нарықтағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында энергетика министрінің бұйрығы шығарылғанын еске салды. Онда мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге, оның ішінде дизель отынына (жазғы, маусымаралық) шекті бағаны литріне 450 теңге деп бекіту көзделген.
Бірақ Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі ұсынылған жағдайда, литріне 295 теңге бағамен тәулігіне 100 литрге дейін дизельдік отын алуға болады. Ал Қазақстанда берілген жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға арналған жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу туралы куәлік ұсынылған жағдайда, литріне 295 теңге бағамен тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде дизель отыны сатылды.
"Бүгінгі таңда министрлік азаматтар мен автожанармай құю станциялары және мұнай базалары өкілдерінің ұсыныстарына байланысты дизель отынын өткізу үшін жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу туралы куәліктің болуын талап етуді уақытша алып тастау жөніндегі бұйрықтың жобасын литріне 295 теңге баға бойынша дайындады", - делінген министрлік хабарламасында.
Жоба бойынша дизель отыны қазақстандықтар үшін де, шетел азаматтары үшін де бір литрі 295 теңге болмақ.
"Бұл ұсыныс жанармай құю станцияларында дизель отынын өндіру, тиеп-жөнелту, толтыру және өткізу арасындағы тепе-теңдікті реттеуге мүмкіндік береді деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.
Жоба 2024 жылдың 28 ақпанына дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталына шықты.
Жаңалықтар
0