https://sputnik.kz/20240215/almatyda-boyzhetkendi-zhynystyq-qatynasqa-mazhburlegen-qyzdar-sottaldy-42319286.html
Алматыда бойжеткенді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген қыздар сотталды
Алматыда бойжеткенді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген қыздар сотталды
Sputnik Қазақстан
Резонанс тудырған оқиға былтыр мамыр айында болған. 20 жастағы Дильназды ұрып-соққан бейнежазба әлеуметтік желіде тараған болатын 15.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-15T15:35+0500
2024-02-15T15:35+0500
2024-02-15T15:40+0500
жыныстық қатынас
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
АЛМАТЫ, 15 ақпан - Sputnik. Алматыда бойжеткенді жыныстық қатынасқа итермелеген қыздарға сот үкімі шықты. Бір жыл бойы сот үкімін күткен Дильназдың анасы Sputnik Қазақстан тілшісіне басынан кешкенін айтып берді.Резонанс тудырған оқиға былтыр мамыр айында болған. 20 жастағы Дильназды ұрып-соққан бейнежазба әлеуметтік желіде тараған болатын. Қыздың анасының айтуынша, бір жылда көрмеген азабы жоқ.Жаға ұстатқан қылмыстық іс бойынша екі қызға сот үкімі шықты. Прокурор кінәлілерге 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.Ал сотталушылар өз кінәларын мойындамаған."Сот үкімімен "Т" есімді азамат тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сотталушының бірі "Н" есімді азамат та тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды, оған 5 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады Алматы қалалық соты.Сот жәбірленушінің пайдасына моралдық залал ретінде 3 миллион теңге және адвокаттың қызметіне жұмсалған шығын ретінде 600 мың теңгеден өндіріп алды. Сот сотталушылардың жас екендіктерін жазаны жеңілдететін жағдай деп таныды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.Айта кетейік, қылмыстық оқиғаға үш қыз күдікті болған. Үшінші қыздың ісі сотта алдағы уақытта қаралады.
https://sputnik.kz/20230710/qyzben-zhynystyq-qatynasqa-tusesin-biikten-sekirip-ketken-qyz-oqiganyn-man-zhayyn-aytty-36650097.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
жыныстық қатынас, сот үкімі
жыныстық қатынас, сот үкімі
Алматыда бойжеткенді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген қыздар сотталды
15:35 15.02.2024 (жаңартылды: 15:40 15.02.2024) Резонанс тудырған оқиға былтыр мамыр айында болған. 20 жастағы Дильназды ұрып-соққан бейнежазба әлеуметтік желіде тараған болатын
АЛМАТЫ, 15 ақпан - Sputnik. Алматыда бойжеткенді жыныстық қатынасқа итермелеген қыздарға сот үкімі шықты. Бір жыл бойы сот үкімін күткен Дильназдың анасы
Sputnik Қазақстан тілшісіне басынан кешкенін айтып берді.
Резонанс тудырған оқиға былтыр мамыр айында болған. 20 жастағы Дильназды ұрып-соққан бейнежазба әлеуметтік желіде тараған болатын. Қыздың анасының айтуынша, бір жылда көрмеген азабы жоқ.
"Жаңадан туғанда жүруді, қасықпен тамақ жеуді үйретіп едім, 20 жасқа келгенде сол күнді басымнан қайта кешіп отырмын. Осы бір жылға жуық уақытта жүрек ауруына ұшырадым. Көзім ілінбей уайым жеген түндер қаншама. Дильназ қазір орнынан тұрды, жүріп тұра алады. Бірақ аяқтары әлі де ісіп кете береді. Әлі күнге дейін сол жағдай түсіне кіріп, шошып оянады. Күдіктілер жазадан құтылып кете ме деп те уайымдаған күндер болды", - дейді Дильназдың анасы.
Жаға ұстатқан қылмыстық іс бойынша екі қызға сот үкімі шықты. Прокурор кінәлілерге 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Ал сотталушылар өз кінәларын мойындамаған.
"Сот үкімімен "Т" есімді азамат тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сотталушының бірі "Н" есімді азамат та тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды, оған 5 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады Алматы қалалық соты.
Сот жәбірленушінің пайдасына моралдық залал ретінде 3 миллион теңге және адвокаттың қызметіне жұмсалған шығын ретінде 600 мың теңгеден өндіріп алды. Сот сотталушылардың жас екендіктерін жазаны жеңілдететін жағдай деп таныды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Айта кетейік, қылмыстық оқиғаға үш қыз күдікті болған. Үшінші қыздың ісі сотта алдағы уақытта қаралады.