Алматы облысында саяжай тұрғындары тоған суын ішіп отыр

© Айдана ДайыроваАлматы облысында саяжай тұрғындары әкімдік есігін тоздырып жүр
Алматы облысында саяжай тұрғындары әкімдік есігін тоздырып жүр - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2024
Жазылу
Лас судан тұрғындардың денсаулығы сыр беріп жатыр
АЛМАТЫ, 15 ақпан - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылына қарасты саяжай тұрғындары әкімдіктің есігін тоздырып жүр. Елді мекен тұрғындарының көп жылғы проблемасын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Шамалған ауылына қарасты Эдельвейс саяжайының тұрғындарының алды мұнда 25 жыл бұрын көшіп келген. Содан бері көптеген әлеуметтік мәселелер шешілмеген.

"Ауыз су жоқ. Таудан аққан суды ішіп отырмыз. Тоғаннан суды шелекпен емес, ожаумен аламыз, өйткені таяз, лас. Денсаулығымыз нашарлап кетті. Электр бағаналарының бәрі тозған. Қоқыс мүлдем шығарылмайды. Саяжай қоқыстан көрінбей барады. Қаңғыбас иттер өріп жүр. Саяжай болғандықтан, ешкім сөзімізге құлақ аспайды", - дейді Эдельвейс саяжайының тұрғындары.

© Айдана ДайыроваАлматы облысында саяжай тұрғындары әкімдік есігін тоздырып жүр
Алматы облысында саяжай тұрғындары әкімдік есігін тоздырып жүр - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2024
Алматы облысында саяжай тұрғындары әкімдік есігін тоздырып жүр
Олар базынасын айтып, соңғы үш жыл Қарасай аудандық әкімдігіне сан мәрте барған.
"Қазір саяжайларға ауыл статусын береді деп жатыр. Соны айтып әкімдікке бардық. Бірақ бізге нақты "ауыл статусына қосыласыңдар" деп айтпады. Бұл саяжайда 120-дан астам отбасы бар, бәріміз нақты осында тұрамыз", - дейді тұрғындар.
Ал аудан әкімдігі халықтың мұң-мұқтажынан хабардармыз, дейді. Негізі Шамалған ауылдық округінде 11 бау-бақша қоғамы тіркелген.
"Эдельвейс" бау-бақша қоғамдарының тұрғындары Қарасай ауданы Шамалған елді мекенінің шетіне бау-бақша қоғамдарын енгізу туралы ұсыныспен ауылдық округ әкімдігіне жүгінді. Округ аппаратымен Қарасай ауданының және аудандық мәслихаттың сәулет және қала құрылысы бөліміне ұсыныстар енгізілді", - дейді аудандық әкімдік.
Ведомствоның айтуынша, қазіргі уақытта сәулет және қала құрылысы бөлімі облыстық әкімдік пен сәулет қарауына енгізу үшін топографиялық түсірілімді орындай отырып, саяжай алаптарының аумақтарын қоса алғанда, Шамалған ауылының бас жоспарын әзірлеу (түзету) үшін ситуациялық схема әзірлеген.
Жалпы Алматы облысында барлығы 674 саяжай алқабы бар
"Оның ішінде Қарасай ауданында – 200, Іле ауданында – 157, Талғар ауданында – 152, Еңбекшіқазақ ауданында – 135, Жамбыл ауданында – 21 және Қонаевта – 9). Бүгінгі таңда 361 саяжай алқабы 24 елді мекеннің аумағына бас жоспармен қосылды", - дейді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Алматы облысында бас жоспарға қосылған саяжайлар:
1.
Іле ауданында 8 елді мекеннің бас жоспарына 88 саяжай алқабы: КазЦИК ауылы - 16, Көкқайнар ауылы - 24, Жапек батыр ауылы - 13, Қосөзен ауылы - 6, Байсерке ауылы – 21, Қоянкұс ауылы – 3, Комсомол ауылы – 4, Жаңаталап ауылы - 1 саяжай;
2.
Қарасай ауданында 6 елді мекеннің шекарасына 101 саяжай алқабы қосылды: Қаскелең қаласы - 44, Қырғауылды ауылы - 21, Алмалыбақ ауылы – 26, Қошманбет ауылы - 1, Ельтай ауылы – 5, Долан ауылы - 4 саяжай;
3.
Талғар ауданында 6 елді мекеннің шекарасына 93 саяжай алқабы қосылды, олар: Кендала ауылы - 26, Ақтас ауылы - 39, Бесағаш ауылы - 17, Тұздыбастау ауылы – 3, Байбұлақ ауылы -5, Қызыл ту ауылы – 3 саяжай;
4.
Еңбекшіқазақ ауданында 2 елді мекеннің шекарасына 35 саяжай алқабы қосылды: Бәйтерек ауылы - 13, Есік қаласы - 22 саяжай;
5.
Қонаев қаласының бас жоспарына 8 саяжай алқабы қосылып ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.
6.
​Алатау қаласының бас жоспарына 36 саяжай алқабы қосылды.
Жаңалықтар
0