https://sputnik.kz/20240215/almaty-oblysynda-auyl-turgyndary-zholsyz-qaldy-42312260.html
Алматы облысында ауыл тұрғындары жолсыз қалды
Алматы облысында ауыл тұрғындары жолсыз қалды
Sputnik Қазақстан
Кәсіпкер жол түсетін жерге көлік жуатын ғимарат салып тастаған 15.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-15T11:47+0500
2024-02-15T11:47+0500
2024-02-15T14:04+0500
алматы облысы
жол
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0f/42312093_0:1:1919:1080_1920x0_80_0_0_fd38d41d0d274a1dc385729c0c48f579.jpg
АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылының тұрғындары қара жолға қол жеткізе алмай, екі жыл бойы аудан әкімдігінің табалдырығын тоздырған. Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.Көксай ауылының барған сайын тынысы тарылып, жолсыз қалған. Тұрғындар қордаланған мәселені шеше алмай жүр.Көлік жуатын орынның иесі әу баста бұл жер учаскесін ауыл шаруашылығына деп алған. Кейіннен басқа мақсатқа пайдаланған."Ауылда негізгі жолға шығатын жол жоқ. Халық соны айтып жатыр. Автожуатын ғимарат тұрған орынды бұрын иесі ауылшаруашылық мақсатына алған, бірақ коммерциялық орын етіп пайдаланған. Сот арқылы шаруашылық мақсатқа қайта ауыстырды, жекеменшік кәсіпкер сотта жеңіліп қалды. Қазір ГАСК сүріп тастау бойынша жұмыс істеп жатыр", - дейді аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Дәрмен Жапаров.Ашулы халық аудан әкіміне келді. Бірінші рет емес, бірнеше рет. Бұл жолы да әкімдік мамандары мен халық арасында әдеттегідей дау болды."Қарасай ауданы әкімдігі барлық тұрғынның пікірін тыңдап жатырмыз. Халықтың өзі бірауыздан шешім қабылдап тұрған жоқ. Бұрын ашық алаңдар арқылы жолдар болса, қазір ол жерлерге үйлер салынып кеткен. Салдарынан халық жолсыз қалды. Біз жалпы жиын өткізіп, нақты пікірін білеміз. Сосын заң жүзінде жолды қай жерден, қалай салуға болады соны шешеміз. Негізі жол өтетін учаске иелерімен де келіссөз жүргіземіз", - дейді аудан әкімінің орынбасары Әдіс Сейдақматов.Оның айтуынша, проблема шешіледі. Әкімдік мамандары ауылға барып, көпшілікпен тағы жиын өткізеді.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0f/42312093_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_c9e4318e65966bd87860436291278ece.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, жол
Алматы облысында ауыл тұрғындары жолсыз қалды
11:47 15.02.2024 (жаңартылды: 14:04 15.02.2024) Кәсіпкер жол түсетін жерге көлік жуатын ғимарат салып тастаған
АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылының тұрғындары қара жолға қол жеткізе алмай, екі жыл бойы аудан әкімдігінің табалдырығын тоздырған. Мәселенің мән-жайын
Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Көксай ауылының барған сайын тынысы тарылып, жолсыз қалған. Тұрғындар қордаланған мәселені шеше алмай жүр.
"Жол жоқ. Екі адым жерге жету үшін бірнеше шақырым, қуыс-қуысты аралап әрең жүреміз. Жол түсетін жерге көлік жуатын ғимарат салып тастаған. Сол ғимаратты бұзса, қаншама халық түзу жолмен жүрер еді", - дейді көксайлықтар.
Көлік жуатын орынның иесі әу баста бұл жер учаскесін ауыл шаруашылығына деп алған. Кейіннен басқа мақсатқа пайдаланған.
"Ауылда негізгі жолға шығатын жол жоқ. Халық соны айтып жатыр. Автожуатын ғимарат тұрған орынды бұрын иесі ауылшаруашылық мақсатына алған, бірақ коммерциялық орын етіп пайдаланған. Сот арқылы шаруашылық мақсатқа қайта ауыстырды, жекеменшік кәсіпкер сотта жеңіліп қалды. Қазір ГАСК сүріп тастау бойынша жұмыс істеп жатыр", - дейді аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Дәрмен Жапаров.
Ашулы халық аудан әкіміне келді. Бірінші рет емес, бірнеше рет. Бұл жолы да әкімдік мамандары мен халық арасында әдеттегідей дау болды.
"Қарасай ауданы әкімдігі барлық тұрғынның пікірін тыңдап жатырмыз. Халықтың өзі бірауыздан шешім қабылдап тұрған жоқ. Бұрын ашық алаңдар арқылы жолдар болса, қазір ол жерлерге үйлер салынып кеткен. Салдарынан халық жолсыз қалды. Біз жалпы жиын өткізіп, нақты пікірін білеміз. Сосын заң жүзінде жолды қай жерден, қалай салуға болады соны шешеміз. Негізі жол өтетін учаске иелерімен де келіссөз жүргіземіз", - дейді аудан әкімінің орынбасары Әдіс Сейдақматов.
Оның айтуынша, проблема шешіледі. Әкімдік мамандары ауылға барып, көпшілікпен тағы жиын өткізеді.