Алматы әуежайындағы жаңа терминалдың құрылысы 2024 жылы маусымда аяқталады

© Photo : Пресс-служба Международного аэропорта Алматы В Казахстан доставили китайскую вакцину Vero Сell
В Казахстан доставили китайскую вакцину Vero Сell - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2024
Жазылу
Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 миллион жолаушыға дейін артады
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Алматыдағы халықаралық әуежайда салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалы 87%-ға аяқталды. Бұл туралы нысанды тексеруге келген Алматы әкімі Ерболат Досаевқа әуежай президенті Альп Эр Тунга Эрсой айтты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Хабарламада ғимаратта заманауи қондырғылар орнатылғаны және жолаушыларға қолайлы жағдай жасалғаны айтылды. Ескі терминал ішкі рейстерге пайдаланылады, ал жаңасы оған эстакада арқылы қосылады.
"Қала басшысының айтуынша, жаңа терминалдың құрылысы елге туристер келуін дамытуға септігін тигізеді. Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 миллион жолаушыға дейін артады. Шетелдік туристер саны биыл 520 мыңға дейін және 2030 жылға қарай 1 миллионға дейін артады деп күтілуде", - деп жазылған хабарламада.
Әкім халықаралық стандартқа сай сапалы материалдарды пайдалануға шақырып, құрылысты осы жылдың маусым айында мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Бұған дейін Қазақстан 20-дан астам әуежайды Еуропадан келген инвесторлардың басқаруына беруге дайын екені хабарланды.
Жеке инвестицияларды тарту және әуежайларды транзиттік хаб ретінде дамыту үшін әуежайларды беру ұсынылады.
Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстан үкіметі шетелдік инвесторларға үш шарт қойып отырғанын айтты.
Біріншісі – ұшу-қону жолағын толық жөндеу. Екіншісі – олар аэровокзал кешенін жөндеуі керек. Үшіншісі – осы алаңда үлкен әуе хабы құрылуы керек.
Қарабаевтың айтуынша, инвесторлар әуежай төңірегінде ірі қоймаларды, жаңа қонақ үй кешендерін және әуежай қызметкерлеріне арналған жеке аумақты қамтитын "толықтай жаңа менеджмент деңгейін" құруды ұсынды.
Жаңалықтар
0