Қонаевта мердігерлер бірнеше нысанның құрылысын кешіктіріп жатыр
© Айдана ДайыроваҚонаевта бірнеше нысанның құрылысын мердігерлер кешіктіріп жатыр
© Айдана Дайырова
Жазылу
Қазіргі уақытта үш үйдің қасбет (фасад) жұмыстары, блокты жылыту пунктін орнату жұмыстары аяқталмаған
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында бірнеше нысанның құрылысын мердігерлер уақытынан кешіктіріп жатыр. Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі барып көрді.
Қонав қаласының орталық жолы әр жерінен ойылып, ойдым-ойдым болып жатыр. Балалардың ойын алаңдары сүріліп тасталған, оның орнында терең етіп қазылған шұңқырларды көруге болады. Мердігерлер ойын алаңдарын сүріп тастап жылу трассасын салмақ болған, бірақ сол күйі жұмыс толық бітпей тұр. Ал қаланың көркі туралы айтудың өзі артық. Мердігер – "SHEBERBUILD" ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
© Айдана ДайыроваҚонаевта бірнеше нысанның құрылысын мердігерлер кешіктіріп жатыр
Қонаевта бірнеше нысанның құрылысын мердігерлер кешіктіріп жатыр
© Айдана Дайырова
"Қонаев қаласында қазіргі таңда көпқабатты үйлер көптеп салынып жатыр. Осыған байланысты қаладағы Алматы көшесінің бойына жалпы ұзындығы 3 шақырымнан асатын жылу трассасы салынады. Бүгінгі күні жобаның аяқтау мерзімі 2024 жылдың мамыры деп жоспарланған. Бірақ қазіргі күні жұмыстар өте баяу. Әлі 300 метр жылу құбыры бітпеген", – дейді қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Дархан Қарағонысов.
Жобаның құны – 1 707 667 991.68 теңге. Шартқа сәйкес, жобаның аяқталу мерзімі – 2024 жылғы 31 желтоқсан. Бүгінгі күні орындалған жұмыстар актісіне сәйкес 1 266 757 917.30 теңге төленген. Жоба 74.18%-ке аяқталған.
"Алайда 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мердігерлік ұйым тарапынан өндірістік жұмыстар кестесінің мерзімдері бұзылды. Осыған байланысты тапсырыс беруші мердігер ұйымға бірнеше рет құрылыс-монтаж жұмыстарын қайта бастау туралы хат жолдады. "Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Алматы облысының шартты бұзу және мердігер ұйымды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізу туралы талап арыз жолдады", - Қарағонысов.
© Айдана ДайыроваҚонаевта бірнеше нысанның құрылысын мердігерлер кешіктіріп жатыр
Қонаевта бірнеше нысанның құрылысын мердігерлер кешіктіріп жатыр
© Айдана Дайырова
Қаладағы кәріз сорғы станцияларының да жағдайы мәз емес, 90%-нің тозығы жеткен. Өйткені 1968-1970 жылдары салынған. Қазіргі күні кәріз құбырлары да жасалып жатыр. Жобаның жалпы құны – 14 млрд теңге. Жоспар бойынша ұзындығы 24 459 метр болатын 32 жаңа сорғы орнатылуы керек.
Қонаевтағы тағы бір мәселе – құрылысы созылып кеткен көпқабатты тұрғын үйлер. Салдарынан 180 отбасы баспанаға жете алмай жүр. Бұл құрылыс нысанының да мердігері – "SHEBERBUILD" ЖШС.
"2022 жылғы 28 маусымда Алматы облысының Қонаев қаласында 60 пәтерлі үш тұрғын үйдің құрылысына "SHEBERBUILD" ЖШС-мен 28 мердігерлік келісімшарт 2 905 282 819 теңгеге бекітілген. 2022 жылы 782 193 073 теңге бөлініп толықтай игерілді, 2023 жылға 2 123 089 745 теңге бөлініп, оның ішінде -1 993 977 712 теңгесі игерілген. Қалған қаражат – 129 112 033 теңге.
Қазіргі уақытта үш үйдің қасбет (фасад) жұмыстары, блокты жылыту пунктін орнату жұмыстары аяқталмаған.
© Айдана ДайыроваҚонаевта бірнеше нысанның құрылысын мердігерлер кешіктіріп жатыр
Қонаевта бірнеше нысанның құрылысын мердігерлер кешіктіріп жатыр
© Айдана Дайырова
"2024 жылдың 18 қаңтарында Алматы облысының ауданаралық мамандырылған экономикалық сотына "SHEBERBUILD" ЖШС-ға қатысты талап арыз берілді", – дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ержан Тұрыспаев.
Ал мердігер "SHEBERBUILD" ЖШС-ның өз уәжі бар.
"Көпқабатты тұрғын үйлердің сыртының бәрін аяқтап қойғанбыз, бірақ ол жарамайды деп қайта жасатты. Бұл жердегі ауланы көгалдандыру бойынша жұмыстар жүруі керек. Оны жасайтын мекеме құрылыс заттарын әкеліп тастады. Ол аздай жылу құбырларына шұңқырлар қазып кетті. Жүк көліктері өте алмайды. Құрылыс заттарын қолмен тасып жатырмыз. Тағы бір мәселе құрылысшылар жоқ, Алматыдан Қонаевқа келіп ешкім жұмыс істегісі келмейді", – деп "SHEBERBUILD" ЖШС құрылыс басшысы Әділет Мұқашев базынасын айтты.
Мердігерлер құрылысы аяқталған баспаналарды көрсетіп, ақталып әлек. Айтуларынша наурыз-сәуір айында Қонаевта тұратын 180 отбасы жаңа баспанаға кіреді.