Қазақстанда тағы 4 шетелдік университеттің филиалдары ашылады

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуСтуденты в аудитории, архивное фото
Студенты в аудитории, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2024
Жазылу
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда республикада шетелдік университтердің 12 филиалы жұмыс істеп тұр
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Биыл Қазақстанда тағы төрт шетелдік жоғары оқу орнының филиалдары ашылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр қазір елімізде мықты шетелдік университеттердің 12 филиалы ашылғанын атап өтті.
"Биыл тағы төртеуі ашылады. Біріншісі – Сәтпаев университеті базасында Гонконг қалалық университеті City university of Hong Kong Әлемдік рейтингте 82-ші орында, ТОП-100-ге кіреді", – деді Саясат Нұрбек мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ Алматыда Пенсильвания университетінің филиалы жұмысын бастайды.
"Атақты Ташкент ирригация және су ресурстары инженерлері институты бар. Ол кеңес заманында танымал болған, Ұлттық аграрлық университет базасында ашылады. Бұған қоса Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті бар", – деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар, министрРесейде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы ашылатынын айтты. Алдын ала уағдаластық бар.
Жаңалықтар
0