Педофилдер мен террористерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады – заң қабылданды

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание мажилиса
Заседание мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2024
Жазылу
Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттар енді жарамды болады
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Парламент мәжілісі "Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотталған шетелдіктерге Қазақстанға келуге, сондай-ақ ел азаматтығын алуға шектеу қойылады.
Бұған қоса экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады.
Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттар енді жарамды болады. Заң жобасында төтенше жағдай кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұзарту немесе ауыстыру мүмкіндігі болмаған жағдайда пайдалану мәселесі реттелген.
Мәжіліс қабылдаған заң сенаттың қарауына жолданды.
Жаңалықтар
0