https://sputnik.kz/20240214/pavlodarda-22-mlrd-tengege-zansyz-tender-zhariyalangan-42282366.html
Павлодарда 2,2 млрд теңгеге заңсыз тендер жарияланған
Павлодарда 2,2 млрд теңгеге заңсыз тендер жарияланған
Sputnik Қазақстан
Тендердің қорытындысы шығарылғанға дейін оның күшін жойып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды 14.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-14T14:11+0500
2024-02-14T14:11+0500
2024-02-14T14:11+0500
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/1271/24/12712489_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_2cd274923b1aa808b674792c9091a75e.jpg
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында екі бөгетті жөндеуде заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.Прокуратураның хабарлауынша, мемлекеттік сатып алу басқармасы Баянауыл ауданының Жаңатүлек және Қаныш Сәтбаев ауылдарындағы жалпы құны 2,2 миллиард теңгені құрайтын су бұру жүйелерін қайта жаңғырту туралы хабарландырулар жариялады.Қадағалау актісі бойынша прокуратура жарияланған байқаулардың қорытындысы шығарылғанға дейін оның күшін жойып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.Қадағалау органы бюджетті жоспарлау кезеңінде шаралар қабылдайды. Бюджеттік өтінімде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Аққулы ауданының Тосағаш және Майқарағай ауылдарындағы балалар алаңдарын жабдықтауды жоспарлаған. Жобаның құны – 25 миллион теңге. Бұл өтінімдерді зерттеу баға ұсыныстарының аясындағы алаяқтықты көрсетті. Прокуратура шара қолданды.Жыл басынан бері қадағалау органы 4,4 миллиард теңгені құрайтын 25 мемлекеттік сатып алудың күшін жойған.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1271/24/12712489_106:0:1814:1281_1920x0_80_0_0_a1bdd98626b6d9191f5476ac21633163.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы
Павлодарда 2,2 млрд теңгеге заңсыз тендер жарияланған
Тендердің қорытындысы шығарылғанға дейін оның күшін жойып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында екі бөгетті жөндеуде заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Прокуратураның хабарлауынша, мемлекеттік сатып алу басқармасы Баянауыл ауданының Жаңатүлек және Қаныш Сәтбаев ауылдарындағы жалпы құны 2,2 миллиард теңгені құрайтын су бұру жүйелерін қайта жаңғырту туралы хабарландырулар жариялады.
"Екі жағдайда да жобалық-сметалық құжаттамаға бөгетті қалпына келтіру жұмыстары енгізілген. Жұмыстарды орындауға қойылатын біліктілік талаптары мемлекеттік лицензиясы жоқ мердігерлерге қатысуға рұқсат берілген. Бірақ заң аясында бұған жол берілмейді", - деп жазылған хабарламада.
Қадағалау актісі бойынша прокуратура жарияланған байқаулардың қорытындысы шығарылғанға дейін оның күшін жойып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.
Қадағалау органы бюджетті жоспарлау кезеңінде шаралар қабылдайды. Бюджеттік өтінімде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Аққулы ауданының Тосағаш және Майқарағай ауылдарындағы балалар алаңдарын жабдықтауды жоспарлаған. Жобаның құны – 25 миллион теңге. Бұл өтінімдерді зерттеу баға ұсыныстарының аясындағы алаяқтықты көрсетті. Прокуратура шара қолданды.
Жыл басынан бері қадағалау органы 4,4 миллиард теңгені құрайтын 25 мемлекеттік сатып алудың күшін жойған.