Еліміздің 46 учаскесінде жол жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевСнегопад
Снегопад - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2024
Жазылу
Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 289 техника және 347 адам жүмыс істеп жатыр
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Ақмола облысында - 15 учаске
Ақтөбе облысында – 4 учаске
Шығыс Қазақстан облысында – 1 учаске
Жамбыл облысында – 1 учаске
Жетісу облысында – 1 учаске
Қарағанды облысында – 3 учаске
Қостанай облысында - 6 учаске
Қызылорда облысында - 3 учаске
Павлодар облысында – 1 учаске
Солтүстік Қазақстан облысында - 9 учаске
Түркістан облысында – 2 учаске.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 289 техника және 347 адам жүмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
0