Ауа райына байланысты 13 облыста жол жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
13 облыстың 41 учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды.
"Абай облысында 6, Ақмола облысында 2, Ақтөбе облысында 5, Алматы облысында 1 учаске жабылды", - дейді жол мамандары.
Жамбыл, Жетісу, Алматы, Солтүстік Қазақстан Және Ұлытау облыстарында 1 учаскеден жабылды. Ал Шығыс Қазақстанда 4 учаскедекөлік қозғалысына шектеу енгізілді.
"Қарағанды облысында 9, Қызылорда облысында 3, Павлодар облысында 5 және Түркістан облысында 2 учаске жабылды", - деп жазылған ведомствохабарламасында.
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 785 бірлік техника және 1481 жолшы жұмылдырылған.
Жаңалықтар
0