https://sputnik.kz/20240214/aqmola-oblysynda-bes-askeri-qyzmetshi-sottaldy-42274206.html
Ақмола облысында бес әскери қызметші сотталды
Ақмола облысында бес әскери қызметші сотталды
Sputnik Қазақстан
4 әскери қызметші өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жалпы құны 448 млн теңге болатын әскери бөлімнің отынын жымқырған 14.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-14T10:36+0500
2024-02-14T10:36+0500
2024-02-14T10:36+0500
әскери қызметкер
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_f4e6008720c2547814535af093cbd2a4.jpg.webp
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Ақмола гарнизоны әскери сотында аса ірі көлемде жанар-жағармай ұрлады деп айыпталған Ұлттық ұланның бес әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды әскери соттың баспасөз қызметі.Сот анықтағандай, 2019-2022 жылдар аралығында 4 әскери қызметші өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жалпы құны 448 млн теңге болатын әскери бөлімнің отынын жымқырған. Ұрланған отынды жеке тұлғаларға өткізген.Көрсетілген мән-жайлар сотталушылардың өз айғақтары, жәбірленуші тарап өкілдері мен куәгерлердің жауаптары, іс бойынша жүргізген аудиторлық тексеру, сот сараптамалары, телефонмен сөйлесу стенограммалары, ақша қаражатын аудару және қылмыстық істің басқа материалдары арқылы анықталды.Сот айыпталушылардың барлығын кінәлі деп таныды. 4 әскери қызметші 9дан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды."А" есімді сотталушы қызметіне салғырт қарау салдарынан ауыр зардаптарға әкелгені үшін кінәлі деп танылды. Ол 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген сот хабарламасында.Сотталғандардан ортақ тәртіпте келтірілген материалдық залал өндірілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_60e8ee5b429bed4895c21002d624a416.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, сот үкімі
әскери қызметкер, сот үкімі
Ақмола облысында бес әскери қызметші сотталды
4 әскери қызметші өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жалпы құны 448 млн теңге болатын әскери бөлімнің отынын жымқырған
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Ақмола гарнизоны әскери сотында аса ірі көлемде жанар-жағармай ұрлады деп айыпталған Ұлттық ұланның бес әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды әскери соттың баспасөз қызметі.
Сот анықтағандай, 2019-2022 жылдар аралығында 4 әскери қызметші өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жалпы құны 448 млн теңге болатын әскери бөлімнің отынын жымқырған. Ұрланған отынды жеке тұлғаларға өткізген.
"Тағы бір сотталушы қызметіне салғырт қараған, салдары ауыр зардаптарға алып келді. Әскери бөлімнің бүкіл отын қызметінің жұмысына бақылаудың болмауынан мемлекетке материалдық залал келген", - деп хабарлады әскери сотта.
Көрсетілген мән-жайлар сотталушылардың өз айғақтары, жәбірленуші тарап өкілдері мен куәгерлердің жауаптары, іс бойынша жүргізген аудиторлық тексеру, сот сараптамалары, телефонмен сөйлесу стенограммалары, ақша қаражатын аудару және қылмыстық істің басқа материалдары арқылы анықталды.
Сот айыпталушылардың барлығын кінәлі деп таныды. 4 әскери қызметші 9дан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
"А" есімді сотталушы қызметіне салғырт қарау салдарынан ауыр зардаптарға әкелгені үшін кінәлі деп танылды. Ол 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген сот хабарламасында.
Сотталғандардан ортақ тәртіпте келтірілген материалдық залал өндірілді.