Алматыда монша кешені өртенді

© Photo : МЧС РКПожар в алматинском банном комплекс Villar
Пожар в алматинском банном комплекс Villar - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Алматыда Villar монша кешені жанып кетті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндірушілерге шақырту сағат 18:00-де дәл көлік кептелісі болатын уақытта түскен.
"Медеу ауданы Оспанов көшесі, 85/77 мекенжайында орналасқан монша кешені өртенген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жоғары дәреже бойынша жіберілді", - дейді ведомство.
Өрт сөндіру техникасына көлік кептелісі кедергі келтірген. Оқиға орнында екі ағаш үй өртенген. Тілсіз жау тіпті көршілес ағаш коттедждерге қауіп төндірген. Қазіргі уақытта өрт сөндіріліп жатыр.
Sputnik Қазақстан тілшісі монша қызметкерлеріне хабарласты. Олар өрт сөндірушілерді бір сағат тосқанын айтады.
Жаңалықтар
0