https://sputnik.kz/20240213/zhanaqorganda-bilim-basshysy-men-24-mekteptin-bukhgalteri-sottaldy-42248007.html
Жаңақорғанда білім басшысы мен 24 мектептің бухгалтері сотталды
Жаңақорғанда білім басшысы мен 24 мектептің бухгалтері сотталды
Sputnik Қазақстан
Олар бюджеттің 1 млрд теңгесін жымқырған 13.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-13T10:33+0500
2024-02-13T10:33+0500
2024-02-13T10:33+0500
ақша
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында білім бөлімінің басшысы мен 24 мектептің бухгалтерлеріне қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.Аудандық бөлім басшысы Б. Ибрагимов пен оның бас бухгалтері К. Аязбаева да жауапқа тартылды. Олар 24 мектептің бухгалтерлерімен сөз байласып, бюджеттің 1 млрд теңгесін жымқырған.Сот үкімімен мекеменің басшысы мен бас бухгалтерін 8 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарылды. Ал мектеп бухгалтерлерінің біреуі әзірше түрмеге қамалмайды. Оның асырауында жас бала бар. Осыған байланысты жазасы 5 жылға кейінге шегерілді. Одан кейін ол да басқа әріптестері сияқты 7 жыл бас бостандығынан айырылады.Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы негізгі қылмыстық схемаларды да жариялады. Олар:Бухгалтерлер мектептің бухгалтерлік есеп жүйелері, ұлттық білім беру базасы және "Қазынашылық-клиент" жүйесі арасындағы интеграцияның жоқтығын пайдаланған. Олар төлем құжаттарына қолмен түзетулер енгізіп, бюджет ақшасын жымқырған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақша, сыбайлас жемқорлық
Жаңақорғанда білім басшысы мен 24 мектептің бухгалтері сотталды
Олар бюджеттің 1 млрд теңгесін жымқырған
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында білім бөлімінің басшысы мен 24 мектептің бухгалтерлеріне қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Аудандық бөлім басшысы Б. Ибрагимов пен оның бас бухгалтері К. Аязбаева да жауапқа тартылды. Олар 24 мектептің бухгалтерлерімен сөз байласып, бюджеттің 1 млрд теңгесін жымқырған.
Сот үкімімен мекеменің басшысы мен бас бухгалтерін 8 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарылды. Ал мектеп бухгалтерлерінің біреуі әзірше түрмеге қамалмайды. Оның асырауында жас бала бар. Осыған байланысты жазасы 5 жылға кейінге шегерілді. Одан кейін ол да басқа әріптестері сияқты 7 жыл бас бостандығынан айырылады.
Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы негізгі қылмыстық схемаларды да жариялады. Олар:
қызметкерлерге жалақы оның лауазымынан қарағанда әлдеқайда көп аударылған;
жалақы білім беру мекемелерінде ресми түрде тіркелмеген адамдарға берілген;
қызметкердің карт-шоттарына жалақы есептеліп, ал төлем құжаттарында басқа тұлғаның деректері көрсетілген;
бір адамға ақша аударымдарын бірнеше рет қайталаған;
"өлі жандарға" - туыстары мен жақындарына ақша аударған.
Бухгалтерлер мектептің бухгалтерлік есеп жүйелері, ұлттық білім беру базасы және "Қазынашылық-клиент" жүйесі арасындағы интеграцияның жоқтығын пайдаланған. Олар төлем құжаттарына қолмен түзетулер енгізіп, бюджет ақшасын жымқырған.