Қазақстанда бір күнде 98 адам құтқарылды

© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям Казахстана Спасатели вызволяют из снежного плена людей на трассе
Спасатели вызволяют из снежного плена людей на трассе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2024
Жазылу
Өткен тәулікте Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 172 рет шақыртуға шықты
АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Өткен тәулікте 98 адам құтқарылды. Арасында эвакуацияланғандар да бар, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Өткен тәулікте Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 172 рет шақыртуға шықты. Оның 80-і өрт оқиғасы, 92-сі іздестіру, сондай-ақ авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар болды", - дейді ведомстводағылар.
Төтеншежағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.
Жаңалықтар
0