https://sputnik.kz/20240213/qazaqstan-azamaty-reseyde-terakt-zhosparlady-degen-kudikpen-qamauga-alyndy-42263418.html
Қазақстан азаматы Ресейде теракт жоспарлады деген күдікпен қамауға алынды
Қазақстан азаматы Ресейде теракт жоспарлады деген күдікпен қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Тергеу оның газ тарату станциясының маңындағы құбырды жаруды жоспарлағанын алға тартады 13.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-13T20:07+0500
2024-02-13T20:07+0500
2024-02-13T20:07+0500
теракт
ресей
https://sputnik.kz/img/785/24/7852486_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_827a6cd72a71f2730a25c0930ca7f082.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Санкт-Петербургте лаңкестік әрекетті дайындады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Сергей Зазуля қамауға алынды, деп хабарлады РИА Новости Санкт-Петербург соттарының бірлескен баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тергеу мәліметі бойынша Зазуля Украина қауіпсіздік қызметінің нұсқауы бойынша Ленинград облысындағы газ тарату станциясының (ГТС) аймағындағы құбырды жарып жіберуі керек болған, деп хабарлады Санкт-Петербург соттарының бірлескен баспасөз қызметі.Бұған дейін ФҚҚ қоғамдық байланыстар орталығы Ленинград облысындағы отын-энергетика кешені нысанында диверсияны жоспарлаған Украина арнайы қызметінің агенті ұсталғаны туралы хабарлады. Тәртіп сақшыларына газ тарату стансасының маңында күдікті адам туралы хабарлама түсіп, кейіннен ұсталған азамат "ұлты украиналық шетел азаматы" екені анықталды.ФҚҚ түсірген видеода диверсант Украина қауіпсіздік қызметінің нұсқауы бойынша "құбырды жару арқылы құбырды зақымдауы керек" болғанын мойындады.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/24/7852486_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_b09d68394500a6f12119e84492506b6f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теракт, ресей
Қазақстан азаматы Ресейде теракт жоспарлады деген күдікпен қамауға алынды
Тергеу оның газ тарату станциясының маңындағы құбырды жаруды жоспарлағанын алға тартады
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Санкт-Петербургте лаңкестік әрекетті дайындады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Сергей Зазуля қамауға алынды, деп хабарлады РИА Новости Санкт-Петербург соттарының бірлескен баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу мәліметі бойынша Зазуля Украина қауіпсіздік қызметінің нұсқауы бойынша Ленинград облысындағы газ тарату станциясының (ГТС) аймағындағы құбырды жарып жіберуі керек болған, деп хабарлады Санкт-Петербург соттарының бірлескен баспасөз қызметі.
"Санкт-Петербург қаласының Дзержинский аудандық соты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 281-бабының ("Диверсия") 2-бөлігінің "а", "в" тармақтарында және 222.1-бабымен ("Жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың заңсыз айналымы") көзделген қылмыстарды жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Сергей Зазуляға қатысты 9 сәуірде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы шығарды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұған дейін ФҚҚ қоғамдық байланыстар орталығы Ленинград облысындағы отын-энергетика кешені нысанында диверсияны жоспарлаған Украина арнайы қызметінің агенті ұсталғаны туралы хабарлады. Тәртіп сақшыларына газ тарату стансасының маңында күдікті адам туралы хабарлама түсіп, кейіннен ұсталған азамат "ұлты украиналық шетел азаматы" екені анықталды.
ФҚҚ түсірген видеода диверсант Украина қауіпсіздік қызметінің нұсқауы бойынша "құбырды жару арқылы құбырды зақымдауы керек" болғанын мойындады.