https://sputnik.kz/20240213/politseyler-europadan-qazaqstanga-kokain-zhetkizu-arnasynyn-zholyn-kesti-42245437.html
Полицейлер Еуропадан Қазақстанға кокаин жеткізу арнасының жолын кесті
Полицейлер Еуропадан Қазақстанға кокаин жеткізу арнасының жолын кесті
Sputnik Қазақстан
Алматыда жалға алынған пәтерде салмағы 250 грамм кокаин тәркіленді 13.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-13T08:17+0500
2024-02-13T08:17+0500
2024-02-13T08:17+0500
кокаин
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0d/42244739_6:0:1195:669_1920x0_80_0_0_125b42b1e6e11a11b0f3e838d728ff95.jpg
АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Италия мен Польшадан Қазақстанға жеткізілетін кокаин арнасынының жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.Оңтүстік астанада жалға алынған пәтерде салмағы 250 грамм кокаин тәркіленді. Ол кофе түрінде пластикалық капсулаларға жасырылған.Бұдан әрі "Қазпошта" бөлімшесінде фигурантқа тиесілі сәлемдемені тәркілеу бойынша тергеу шаралары жүргізілді. Одан жалпы салмағы шамамен 1 келі есірткі заттары бар пластикалық банкалар табылды, оның ішінде 0,5 келі кокаин және 400 грамнан астам экстази болған. Бұл үш мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды.Анықталғандай, ұсталған шетелдік азамат курьер функциясын үш айға жуық орындап келген, ал Алматыға шаруашылық тауар ретінде жасырылған пошта сәлемдемелері арқылы есірткінің сирек түрлерін сату мақсатында ғана келген.Еске сала кетейік, бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0d/42244739_154:0:1046:669_1920x0_80_0_0_17b8512f4c7cde96e9ec9097d1a2ab36.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кокаин
Полицейлер Еуропадан Қазақстанға кокаин жеткізу арнасының жолын кесті
Алматыда жалға алынған пәтерде салмағы 250 грамм кокаин тәркіленді
АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Италия мен Польшадан Қазақстанға жеткізілетін кокаин арнасынының жолын кесті, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Оңтүстік астанада жалға алынған пәтерде салмағы 250 грамм кокаин тәркіленді. Ол кофе түрінде пластикалық капсулаларға жасырылған.
Бұдан әрі "Қазпошта" бөлімшесінде фигурантқа тиесілі сәлемдемені тәркілеу бойынша тергеу шаралары жүргізілді. Одан жалпы салмағы шамамен 1 келі есірткі заттары бар пластикалық банкалар табылды, оның ішінде 0,5 келі кокаин және 400 грамнан астам экстази болған. Бұл үш мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды.
Анықталғандай, ұсталған шетелдік азамат курьер функциясын үш айға жуық орындап келген, ал Алматыға шаруашылық тауар ретінде жасырылған пошта сәлемдемелері арқылы есірткінің сирек түрлерін сату мақсатында ғана келген.
"Ұсталған адамға қатысты есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
Еске сала кетейік, бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.