Астанада екі аптадан аз уақыт ішінде жауған жауын-шашын бір айлық нормадан асып кетті

© Sputnik / Болат Шайхинов Астана қаласы
 Астана қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2024
Жазылу
Өткен түнде коммуналдық қызметтер елордадан 38 мың текше метрге жуық қар шығарды
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Қазгидромет мәліметінше Астанада 1-12 ақпан аралығында 22 миллиметрден астам жауын-шашын жауды, бұл айлық нормадан 5 миллиметрге көп.
Екі аптадан аз уақыт ішінде коммуналдық қызметтер 1,1 миллион текше метрден астам қарды шығарды, деп хабарлады елорда әкімдігі.
Қалада бірнеше күн бойы қалың қар жауып, қатты боран соқты. Жаңбыр мен температураның күрт өзгеруінен жолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарда мұз пайда болды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы қарқынды жұмыс істеп, қарды шығару, жолдар мен тротуарларды мұздан тазарту, оларға реагенттер (құм-тұз қоспасын) себумен айналысып жатыр.
Өткен түнде коммуналдық қызметтер елордадан 38 мың текше метрге жуық қар шығарды (2,7 мыңнан астам ауыр жүк көлігі).
Таңертеңнен бері қаланы қардан тазалау жұмыстарына 2,4 мыңнан астам жұмысшы және 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Қыс маусымы басталғаннан бері барлығы 325,7 мың рейспен 4,4 миллион текше метрден астам қар қала сыртына шығарылды.
Жаңалықтар
0