Алматыда "медреседе" соққыға жығылған жасөспірім ауруханаға түсті

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2024
Жазылу
Куәгерлер соққыға жығылған балаға көмек беріп, мән-жайды полицияға хабарлаған
АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Адматыдағы пансионаттардың бірінде жасөспірімді соққыға жыққан, деп хабарлады Almaty.tv.
"Заңсыз діни жоралғы өткізілді" деген күдікке ілінген Алматыдағы пансионаттардың бірінде тағы шу шықты. Бұл жолы мекеме қызметкері сонда тұратын 15 жастағы жасөспірімге қол көтеріп, соққыға жыққан. Салдарынан баланың миына зақым келіп, ол ауруханада жатыр.
Ғимараттан қашып шығып, қар үстінде жалаң аяқ бас сауғалаған жасөспірімді біраз адам көрген.
"Алдымнан бір жасөспірім шыға келді. Жалаң аяқ жылап тұр. Қорыққаннан көліктің артына тығылып қалды. Не болғанын сұрадым. Ол маған соққыға жығылғанын айтты", – деді куәгер Абзал Шәкенов.
Абзалдың айтуынша, сол кезде басқа да куәгерлер болған. Олар балаға көмек беріп, мән-жайды полицияға хабарлапты. Ал жеткіншектің өзі ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер соққыдан оның миы шайқалғанын анықтады.
"Баланың айтуыншы, медреседе ұстаз ұрған. Миы шайқалған, көз айналасы қанталаған деген диогноз қойылды", – деді Балалар шұғыл жәрдем орталығы науқастарды қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы Кұрметбек Тоқтар.
Ауруханада жатқан бала оқиғаның мән-жайын бүге-шүгесіне дейін айтып берді. Оның оқиғаға дейін де мазасы болмаған. Бірақ мекеме қызметкерлері пысқырмапты. "Оқымау үшін ойлап тапқан сылтауың" деп жеткіншектің сөзіне сенбей, кикілжің шығарған. Биік қоршау, үлкен ғимарат ішінен шыққан осы шудан кейін полицейлер мән-жайды анықтауға кірісті.
"Қазіргі таңда дене жарақатының ауырлық деңгейін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жасалады. Сараптама қорытындысы шыққан сәтте іс материалдары сотқа жіберіледі", – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Айта кетері, бұл пансионатқа қатысты алғашқы дау емес. Қайырымдылық мекемесі күдікті әрекетімен бұған дейін де бірнеше рет көзге түскен. Былтырғы қаңтарда оларға тәртіп сақшылары ауқымды тексеріс жүргізіп, оқиға орнынан Қазақстанда тыйым салынған діни әдебиеттер табылғанын мәлімдеді. Сол кезде де мекемеде балаларға түрлі қысым көрсетілгені айтылған болатын.
Құзырлы органдағылар дерегінше, мұндай пансионаттар Алматыда ғана емес, елдің өзге өңірінде де бар. Жалпы саны 90-нан асады. Барлығы бір қайырымдылық қорына қарайды. Бүгінде сол қауымдастықтың қызметі сот шешімімен тоқтатылған, алайда үкім заңды күшіне енбеген. Себебі басы дауға қалғандардың аппеляциялық шағым түсіруге әлі құқығы бар.
Жаңалықтар
0