"Ұлттық қор – балаларға": 18 жасқа толған жүзден астам бала ақшаны жұмсауға өтініш берді

© Sputnik / Владислав ВодневДоллары в Казахстане
Доллары в Казахстане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Жазылу
54 бала білім беру ақысын төлеуге, ал 49 бала тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ақша аударуға өтініш білдірді
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Ұлттық қордан ақша алған жүздеген қаржыны нақты қандай мақсатта жұмсайтынын көрсетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл 304 815 бала 18 жасқа толады. Олардың барлығына ұлттық қордан ақша түседі. Оны жұмсай беруге болады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы директоры Мұрат Шәріповтың айтуынша, 9 күннің ішінде қорға 100-ден астам өтініш түсті.
"Соның ішінде 54 бала білім беру ақысын төлеуге, ал 49 бала тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ақша аударуға өтініш білдірді. Осы өтініштердің 63-і орындалды. Уәкілетті операторларға белгіленген банк шоттарына төлемдер жүргізілді. 21 өтініш қарастырылып жатыр", - деді Шәріпов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұдан бөлек, 19 өтініш қабылданбады. Себебі бір адам бірнеше өтініш жіберген. Сосын соманы және деректерді қате көрсеткендер де бар.
Осы орайда басқарушы директор ұлттық қордан түскен қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыруға болмайтынын ерекше атап өтті. Қаржыны жоғарыда аталған екі мақсатта ғана жұмсауға болады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Қоғам
"Ұлттық қор – балаларға" жобасы: көпті мазалаған сұрақтарға жауап
Жаңалықтар
0