Тоқаев боранда халыққа көмектескен азаматтарды марапаттайды

© Photo : Экология және табиғи ресурстар министрлігіҚазақстанның мемлекеттік наградалары
Қазақстанның мемлекеттік наградалары - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Жазылу
Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды
АСТАНА, 12 ақпан - Sputnik. Мемлекет басшысы дәрігерлерге, құтқарушыларға, полиция қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорда.
"Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті", - делінген Ақорда хабарламасында.
Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.
Жаңалықтар
0