https://sputnik.kz/20240212/rada-deputaty-ukraina-qaruly-kushteri-qaytadan-oz-kushimen-sogysyp-zhatqanyn-aytty-42238133.html
Рада депутаты Украина қарулы күштері қайтадан өз күшімен соғысып жатқанын айтты
Рада депутаты Украина қарулы күштері қайтадан өз күшімен соғысып жатқанын айтты
Sputnik Қазақстан
Рада депутаты Украина қарулы күштері қайтадан өз күшімен соғысып жатқанын айтты 12.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-12T18:01+0500
2024-02-12T18:01+0500
2024-02-12T18:01+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31503706_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_16807f17ccf07ddbd858d5a51740bcb5.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Жоғарғы Раданың депутаты Максим Бужанский өзінің Telegram каналында Украинаға әскери көмек көрсету жөніндегі халықаралық комиссия біртүрлі форматта жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, ал Украина қарулы күштері, оның айтуынша, 2022 жылдың көктеміндегідей қайтадан өз күшімен соғысып жатыр.Бужанский бұл мәлімдемені Киевке әскери көмек көрсететін Украина қорғанысы жөніндегі байланыс тобының кезекті отырысы қарсаңында жасады, деп жазды РИА Новости."Рамштайн" деген бейресми атауды иеленген топқа 50-ден астам ел, соның ішінде НАТО-ның барлық мүшесі мен ЕО мемлекеттерінің көпшілігі қатысады. Бірінші отырысы 2022 жылы 26 сәуірде өткен. Ал соңғы рет қаңтар айының соңында бас қосты.Ресей бұған дейін НАТО елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізуге байланысты нота жолдаған болатын. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты.Ресей сыртқы істер министрлігі НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізіп, "отпен ойнап жатыр" деп мәлімдеді.Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға Батыстан қару-жарақ жөнелту ресей-украин келіссөзінің өтуіне кері әсер ететінін айтты. Лавров сондай-ақ АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа "тек қару-жарақ жеткізу арқылы емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдердің аумағында кадр даярлау арқылы" тікелей араласып жатқанын мәлімдеді.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31503706_8:0:2739:2048_1920x0_80_0_0_2d346737b58fff054045f30edcf31ee5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Рада депутаты Украина қарулы күштері қайтадан өз күшімен соғысып жатқанын айтты
Рада депутаты Украина қарулы күштері қайтадан өз күшімен соғысып жатқанын айтты
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Жоғарғы Раданың депутаты Максим Бужанский өзінің Telegram каналында Украинаға әскери көмек көрсету жөніндегі халықаралық комиссия біртүрлі форматта жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, ал Украина қарулы күштері, оның айтуынша, 2022 жылдың көктеміндегідей қайтадан өз күшімен соғысып жатыр.
Бужанский бұл мәлімдемені Киевке әскери көмек көрсететін Украина қорғанысы жөніндегі байланыс тобының кезекті отырысы қарсаңында жасады, деп жазды РИА Новости.
"Рамштайн" деген бейресми атауды иеленген топқа 50-ден астам ел, соның ішінде НАТО-ның барлық мүшесі мен ЕО мемлекеттерінің көпшілігі қатысады. Бірінші отырысы 2022 жылы 26 сәуірде өткен. Ал соңғы рет қаңтар айының соңында бас қосты.
"Бүрсігүні – 19-шы "Рамштайн"... Қару-жарақ жеткізу мәселесі міндеттер мен жағдайға қарай ғаламдық деңгейде емес, дәлме-дәл айтқанда тоқсан сайын осылай біртүрлі форматта шешіледі. Қазір Украина қарулы күштері 2022 жылдың көктеміндегідей өз күшімен соғысып жатыр", - деп жазды Бужанский.
Ресей бұған дейін НАТО елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізуге байланысты нота жолдаған болатын. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты.
Ресей сыртқы істер министрлігі НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізіп, "отпен ойнап жатыр" деп мәлімдеді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға Батыстан қару-жарақ жөнелту ресей-украин келіссөзінің өтуіне кері әсер ететінін айтты. Лавров сондай-ақ АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа "тек қару-жарақ жеткізу арқылы емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдердің аумағында кадр даярлау арқылы" тікелей араласып жатқанын мәлімдеді.