Қазкоммерцбанктегі ақша ұрлау ісі: Алматыда жер учаскелері мен қымбат көліктер тәркіленді

© SputnikКазком
Казком - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Жазылу
Тәркіленген мүліктердің жалпы құны - 44,5 млрд теңге
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. "Қазкоммерцбанк" АҚ-ға қатысты қылмыстық істің аясында сотқа дейінгі тәркілеу рәсімі атқарылды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде Алматы қаласында "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның ақшасын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Соның аясында қаржылық мониторинг агенттігінің мамандары прокурорлармен бірге тергеу жүргізіп, сотқа дейінгі тәркілеу рәсімін жүзеге асырды.
"Соттың санкциясымен күдіктілердің құны 44,5 млрд теңге болатын ауданы 300 гектарға жуық жер учаскелері мен автокөлікке тыйым салынды", - делінген ресми хабарламада.
Заң бойынша іздеу жарияланған тұлғаларға қатысты қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті сотқа дейін тәркілеуге болады. Қазіргі уақытта аталған активтер мемлекет меншігіне берілді, ал тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу шаралары жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0