https://sputnik.kz/20240212/qazaqstanda-kiik-atu-toqtatyldy-42241613.html
Қазақстанда киік ату тоқтатылды
Қазақстанда киік ату тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін 337 мың бас ату жоспарланған, алайда мамандар әзірге 42 мың баспен шектеліп отыр 12.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-12T18:23+0500
2024-02-12T18:23+0500
2024-02-12T18:23+0500
заңсыз киік аулау
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_275:156:1043:588_1920x0_80_0_0_d365b1c820bc2f7307094af008d4cef6.jpg
АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстанда киік ату 10 ақпаннан бастап тоқтатылды, мамыр айында ақбөкендер қайта есептеледі, деп хабарлады экология министрі Ерлан Нысанбаев.Бұған дейін Нысанбаев биологиялық негіздемеге сілтеме жасай отырып, киік ату 20 ақпанда аяқталады деген болатын.Болжам бойынша жануарлардың саны 2,5-2,6 млн.Министрдің айтуынша 42 мың бас киік атылған, бұған дейін 337 мыңға дейін жоспарлаған.Халықаралық табиғатты қорғау одағы (IUCN) ақбөкенді "жойылып кету қаупі төнген" санатынан Халықаралық қызыл тізімдегі "қауіп төнген жағдайға жақын" санатына ауыстырғанын жариялаған болатын.Экология министрлігі 2006 жылдан бастап жалпы киік мекендейтін жерлерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанын және ауданы 5 млн га кеңейтілгенін айтты. Оның ішінде Бетпақдала популяциясын қорғау үшін "Ырғыз-Торғай", "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваттары және оралдық ақбөкендер үшін "Бөкейорда" резерваты бар.2006 жылдан бастап Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Түрікменстан арасында киікті сақтау, қалпына келтіру және орнықты пайдалануға қатысты өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде уағдаластықтар қолданылып келеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_245:97:895:585_1920x0_80_0_0_9f5ad59306a9aefad475344be58160a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заңсыз киік аулау
Қазақстанда киік ату тоқтатылды
Бұған дейін 337 мың бас ату жоспарланған, алайда мамандар әзірге 42 мың баспен шектеліп отыр
АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстанда киік ату 10 ақпаннан бастап тоқтатылды, мамыр айында ақбөкендер қайта есептеледі, деп хабарлады экология министрі Ерлан Нысанбаев.
Бұған дейін Нысанбаев биологиялық негіздемеге сілтеме жасай отырып, киік ату 20 ақпанда аяқталады деген болатын.
Болжам бойынша жануарлардың саны 2,5-2,6 млн.
Министрдің айтуынша 42 мың бас киік атылған, бұған дейін 337 мыңға дейін жоспарлаған.
Халықаралық табиғатты қорғау одағы (IUCN) ақбөкенді "жойылып кету қаупі төнген" санатынан Халықаралық қызыл тізімдегі "қауіп төнген жағдайға жақын" санатына ауыстырғанын жариялаған болатын.
Экология министрлігі 2006 жылдан бастап жалпы киік мекендейтін жерлерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанын және ауданы 5 млн га кеңейтілгенін айтты. Оның ішінде Бетпақдала популяциясын қорғау үшін "Ырғыз-Торғай", "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваттары және оралдық ақбөкендер үшін "Бөкейорда" резерваты бар.
"Киіктің әлемдік популяциясының 98%-тен астамы біздің елде шоғырланған", - делінген хабарламада.
2006 жылдан бастап Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Түрікменстан арасында киікті сақтау, қалпына келтіру және орнықты пайдалануға қатысты өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде уағдаластықтар қолданылып келеді.