https://sputnik.kz/20240212/qazaqstanda-bes-kunde-140-keli-esirtki-tarkilendi-42233072.html
Қазақстанда бес күнде 140 келі есірткі тәркіленді
Қазақстанда бес күнде 140 келі есірткі тәркіленді
Sputnik Қазақстан
Қару-жарақты заңсыз сақтаудың 31 фактісі анықталды 12.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-12T12:47+0500
2024-02-12T12:47+0500
2024-02-12T12:47+0500
есірткі
https://sputnik.kz/img/old/932/57/9325702_0:13:1321:756_1920x0_80_0_0_1c30fdb88684c3f8a4e0350e3c521b03.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі "Тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.5-9 ақпан күндері республика бойынша өткен шара кезінде 144 келіге жуық әртүрлі есірткі заттары, соның ішінде 30 келі синтетика, 110 келі марихуана, 3 келі гашиш пен 800 грамм трамадол тәркіленді.Мәселен, Алматыда полицейлер "Мерседес" көлігін тоқтатып, тексеру кезінде жалпы салмағы 3,7 келі "Альфа-РVР" синтетикалық есірткісі салынған 10 полиэтилен пакетін тапқан.Ал Атырау облысында интернет-дүкенге курьер болып жұмысқа орналасқан синтетикалық психотроптық заттарды жасырушы ұсталды. Оның жалдамалы пәтерінен салмағы 1,5 келі "Альфа-РVР" және "Мефедрон" есірткі заттары тәркіленді.Бұдан бөлек, күн сайын шетелдік азаматтар және олардың тұратын жерлеріне тексерістер жүргізіледі. Операция басталған күннен бері көші-қон заңнамасын бұзудың 1321 дерегі анықталды, 218 құқықбұзушы елден шығарылды.Сондай-ақ қару-жарақты заңсыз сақтаудың 31 фактісі анықталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/932/57/9325702_149:0:1173:768_1920x0_80_0_0_8d1531047c07d2f6829d500034ad1ec3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі
Қазақстанда бес күнде 140 келі есірткі тәркіленді
Қару-жарақты заңсыз сақтаудың 31 фактісі анықталды
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі "Тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
5-9 ақпан күндері республика бойынша өткен шара кезінде 144 келіге жуық әртүрлі есірткі заттары, соның ішінде 30 келі синтетика, 110 келі марихуана, 3 келі гашиш пен 800 грамм трамадол тәркіленді.
Мәселен, Алматыда полицейлер "Мерседес" көлігін тоқтатып, тексеру кезінде жалпы салмағы 3,7 келі "Альфа-РVР" синтетикалық есірткісі салынған 10 полиэтилен пакетін тапқан.
Ал Атырау облысында интернет-дүкенге курьер болып жұмысқа орналасқан синтетикалық психотроптық заттарды жасырушы ұсталды. Оның жалдамалы пәтерінен салмағы 1,5 келі "Альфа-РVР" және "Мефедрон" есірткі заттары тәркіленді.
Бұдан бөлек, күн сайын шетелдік азаматтар және олардың тұратын жерлеріне тексерістер жүргізіледі. Операция басталған күннен бері көші-қон заңнамасын бұзудың 1321 дерегі анықталды, 218 құқықбұзушы елден шығарылды.
"Ал қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен көліктік сала объектілеріне, автокөліктерге, багажға, пошталық бөлімшелерге және басқа да объектілерге тексеру жүргізіледі. Олардың көмегімен 33 есірткі қылмысы ашылды", - дейді полицейлер.
Сондай-ақ қару-жарақты заңсыз сақтаудың 31 фактісі анықталды.