https://sputnik.kz/20240212/qazaqstan-men-ozbekstan-ustirt-tubeginde-zhanuarlardy-birlesip-qorgaydy-42225623.html
Қазақстан мен Өзбекстан Үстірт түбегінде жануарларды бірлесіп қорғайды
Қазақстан мен Өзбекстан Үстірт түбегінде жануарларды бірлесіп қорғайды
Sputnik Қазақстан
Самарқанд қаласында жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі Конвенция (Бонн конвенциясы) тараптарының (COP 14) кездесуі өтіп жатыр 12.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-12T08:23+0500
2024-02-12T08:23+0500
2024-02-12T08:23+0500
экология
жануарлар әлемі
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0c/42223769_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_2a48f415b5bdbb02a0163943a3bd38e7.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан Үстірт түбегінде мекендейтін жануарлар дүниесін сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды рәсімдеді, деп хабарлайды экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.Меморандумның негізгі мақсаты – екі елдің аймағында қоныс аударып жүретін қарақұйрық, азиялық леопард, жабайы арқар, құлан және тағы басқа жануарлардың сүтқоректілерінің негізгі түрлерін сақтау бойынша трансшекаралық ынтымақтастық орнату.Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Қазақстандағы қар барысын сақтау және оның мекендейтін жерлерін зерттеу бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы трансшекаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған панельдік талқылауға қатысты.Қазақстан Өзбекстанмен және Қырғызстанмен бірге Африка мен Еуразияда қоныс аударатын жыртқыш құстарды сақтау жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қосылды. Меморандум конвенцияның шеңберінде қолданылатын болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0c/42223769_114:0:1074:720_1920x0_80_0_0_bf2449dd90b939ae297fea8e1f7c603d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экология, жануарлар әлемі
экология, жануарлар әлемі
Қазақстан мен Өзбекстан Үстірт түбегінде жануарларды бірлесіп қорғайды
Самарқанд қаласында жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі Конвенция (Бонн конвенциясы) тараптарының (COP 14) кездесуі өтіп жатыр
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан Үстірт түбегінде мекендейтін жануарлар дүниесін сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды рәсімдеді, деп хабарлайды экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Меморандумның негізгі мақсаты – екі елдің аймағында қоныс аударып жүретін қарақұйрық, азиялық леопард, жабайы арқар, құлан және тағы басқа жануарлардың сүтқоректілерінің негізгі түрлерін сақтау бойынша трансшекаралық ынтымақтастық орнату.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Қазақстандағы қар барысын сақтау және оның мекендейтін жерлерін зерттеу бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы трансшекаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған панельдік талқылауға қатысты.
"Онда жабайы сүтқоректілердің еркін қоныс аударуын қамтамасыз ету, трансшекаралық қорғалатын аумақтар желісін дамытудағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды", - делінген ресми хабарламада.
Қазақстан Өзбекстанмен және Қырғызстанмен бірге Африка мен Еуразияда қоныс аударатын жыртқыш құстарды сақтау жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қосылды. Меморандум конвенцияның шеңберінде қолданылатын болады.