ХҚКО басшылары мен қызметкерлері ұсталды – видео

© SputnikАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Жазылу
Қазіргі уақытта жүргізуші куәлігін заңсыз берудің 35 дерегі анықталды
АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Жамбылдық полицейлер Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады Жамбыл облыстық прокуратуорасы.
Күдіктілер ақшалай сыйақыға жүргізуші куәліктерін ұзақ уақыт бойы заңсыз беріп келген.
"Қылмыстық схемаға ХҚКО қызметкерлері және Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының жүргізуші куәлігін алғысы келетін клиенттерді іздеумен айналысқан "көмекшілер" кірген. Құжаттар Тараз қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімделіп, берілген", - дейді ведомство.
12 ақпанда күдіктілер жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлерінде құрықталды. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен лауазымды адамдары бар.
"Тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жүргізуші куәлігін заңсыз берудің 35 дерегі анықталып, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді ПД баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0